12 адамның қазасы: Ақтөбеде аман қалған жолаушылардың үшеуі ауыр жағдайда
АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Үш адамның жағдайы ауыр, екеуінің жағдайы орташа. Бәрі де Хромтау аудандық ауруханасында жатыр.

Ақтөбедегі жол-көлік апаты кезінде аман қалған адамдар қазір ем алып жатыр. Бір жолаушы ғана ауруханаға жатпады.
— Медициналық мекемеге жеткізілген бес адамның үшеуінің жағдайы ауыр, екеуінде орташа. Бір адам ауруханаға жатудан бас тартқан. Жарақат алғандар Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Облыс әкімі Асхат Шахаров жол-көлік оқиғасы болған орынға шықты, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, оқиға бүгін Самара — Шымкент тасжолында болды. Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен ГАЗель автокөлігінің 10 жолаушысы көз жұмды.