12 балаға жүкті әйел рекордты жаңартуға бел буды

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Тунистiк мұғалiм әйелдiң күйеуге шыққанына көп уақыт болғанымен, бала туа алмапты. Бала көтергенiмен, бiрнеше түсiк тастаған.

12 балаға жүкті әйел рекордты жаңартуға бел буды

Күйеуi екеуi ақылдаса келе жасанды ұрықтандыру жолымен бала көтерудi қалайды. Правда.Ру-дың жазуынша, ультрадыбыстық тексеруге (УЗИ) барғанда әлгi әйел 12 балаға жүктi болып шығыпты. Бұл туралы Жас Алаш газеті жазды.

Дәрi­герлер екiқабат әйелге: "Бұл шараналардың барлығы тiрi болмауы мүмкiн немесе денсаулықтарынан кiнәрат табылуы да ғажап емес", ­ - деп қазiрден бастап ескертiп жатыр. Қайткен жағдайда да әйел барлық шарананы тууға бел байлап отыр.

Егер тунистiк әйел 12 сәбидi аман-есен дүниеге әкелсе, ол әлемде егiз туудан рекорд жасайды. Ал әзiрше денсаулығы мықты 8 баланы егiздете-сегiздете өмiрге әкелген американдық Наде Сулеман рекорд жасау жөнiнен бiрiншi орында тұр. Ол да жасанды ұрықтандыру жолымен туған.