12 қаңтар күні Алматыда жол полицейлері Азиада эстафета алауын алып өтетін бағыт бойынша көлік қозғалысын шектейтін болады
АЛМАТЫ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- 2011 жылдың 12 қаңтарында Алматы қаласында 7-Қысқы Азия ойындарының кубок алауы жеткізіліп, алау эстафетасы өткізілуіне байланысты Алматы қаласының Жол полициясы басқармасы жол қозғалысы қатысушыларын,
сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарын қала көшелерінде қозғалудың бағыттарын алдын ала айқындап алуын өтінеді.
Аталмыш акцияның өткізілуіне орай және Алматы қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 12 қаңтар күні күндізгі сағат 14-00 мен 16-00 аралығында Әл-Фараби -Достық, Төле би - Байтұрсын көшелерінің аумағында эстафета алауын алып өтуге байланысты жол полицейлері жол қозғалысын шектейтін болады.