12 қарашада Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 12 қарашада Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

12 қарашада Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де www.astanamediaweek.kz платформасында Astana Media Week 2020 медиа апталығының екінші күні өтеді.

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы басталады.

11.00-де ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысы онлайн форматта өтеді. Отырыс трансляциясы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасынан көрсетіледі.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.

15.00-де Қаржы мамандығы бойынша бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі онлайн форматта өтеді.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде қазіргі эпидемиологиялық жағдай мен карантиндік шараларды күшейту туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Оған ҚР денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясов, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев, жұқпалы аурулар дәрігері, «Астана медициналық университеті» КЕАҚ, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті Баян Тұрдалина қатысады.

АЛМАТЫ

11.00-де Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Алмас Батанов «Қатысу бюджеті» жобасы аясында дауыс берудің басталуы туралы онлайн-брифинг өткізеді.

14.00-де Бостандық ауданындағы мониторинг топтарының жұмысы және әлеуметтік жобалардың іске асырылуы туралы онлайн-брифинг өтеді. Спикер ретінде Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Жанар Сәдуақасов қатысады.