12 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 12 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

12 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА

Сағат 100-де Мәжілісте еліміздегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жай-күйіне арналған Үкімет сағаты өтеді.

Сағат 11.30-да «Назарбаев орталығында» әлемнің бүкіл елдерінен үздік сарапшыларды, саясаткерлер мен дипломаттарды қамтитын саяси форум форматына ие белді халықаралық пікірталас алаңы - «Астана клубының» отырысы өтеді. Жыл сайынғы бас қосу биыл төртінші рет ұйымдастырылады.

 

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де «Rixos Almaty» отелінде Алматы қаласының ХІ Азаматтық форумы басталады. Азаматтық қоғам институттарына арналған ірі шара Қазақстанның Азаматтық форумының қарсаңында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады.

Сағат 15.00-де ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясы «Mitsubishi Asian Children's Enikki Festa 2017-2018» балалар шығармашылығының халықаралық фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау салтанатын, сондай-ақ көрмені өткізеді.