19:43, 11 Қараша 2013 | GMT +5
12 қарашаға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Ертең Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Тек республиканың оңтүстік-шығысында, солтүстік бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болуы ықтимал, кей жерлерде жауын-шашын болады, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Республика бойынша түнде және таңертең кей жерлерде тұман сақталады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, кей жерлерде тұман түседі. Жамбыл облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде, көктайғақ болады. Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, тұман түседі. Алматы облысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады.
Жақын тәуліктерде республиканың жекелеген су нысандарында су бетінің бірте-бірте салқындауы байқалады.