12 қазақстандық жасөспірім әлемдегі ТОП-100 теннисші қатарына енді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық жас теннисшілер ITF (Халықаралық теннис федерациясы), TE (Еуропа теннисі) және ATF (Азия теннис федерациясы) жасөспірімдер рейтингісінде жоғары көтерілді.

Әмір Омарханов
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Әмір Омарханов 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors рейтингісінде бұрынғыша 14-орында тұр. Даниал Рахматуллаев - 73, қыздар арасында Соня Жиенбаева - 29, Асылжан Арыстанбекова 40-сатыда.

Tennis Europe рейтингісінде 14 жасқа дейінгілер арасында Родион Трайгель - 28, Роберт Каминский - 33, Аңсар Ниетқалиев - 81, Ахмади Маханов - 83, қыздардан Линара Бөлешева - 60, Руслана Русланова 95-сатыға жайғасты.

ATF рейтингісінде 16 жасқа дейінгілер арасында Айша Сайран көш бастаса, Аделина Маманфина екінші орында келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының іріктеу турнирінде ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар