12 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

12 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

9.30-да Бас прокуратурада қылмыстық процеске ымыраға келу институтын енгізу мәселелері мен перспективалары талқыланатын халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Сондай-ақ, 9.30-да Назарбаев орталығында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың жас журналистерге арналған «Jas Qalam» форумы өтеді.

9.30-да Даун синдромымен ауыратын балаларға арналған «Солнечный мир» оңалту орталығы балаларды дамыту нәтижелерін көрсетеді.

10.00-де ҚР Ұлттық экономика министрлігі Қазақстандағы ДЭФ Ұлттық әріптесі - Стратегиялық бастамалар орталығымен (CSI) бірлесіп, мемлекеттік органдардың, даму институттары мен «Атамекен» ҰКП өкілдері үшін 4.0 ЖБИ жаңа әдістемесін түсіндіру жөнінде семинар-кеңес өткізеді.

10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған дөңгелек үстел басталады.

10.00-де Rixos President Astana қонақ үйінде Qаzaqstan Technology Forum өтеді.

10.00-де «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы ресми түрде ашылады.

12.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Қазақстандағы ММА федерациясының президенті Асылбек Дүйсенов және бірінші вице-президент Анатолий Ким баспасөз мәслихатын өткізеді.

15.00-де «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің отырысы басталады.

15.00-де Мәжілісте Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының отырысы өтеді.

15.00-де Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Исағалиев қазақ-мысыр қарым қатынастарының өзекті мәселелері жайлы брифинг өткізеді.

16.00-де ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінде Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 464-ші отырысы өтеді.

18.00-де в Қазмедиа орталығында #EU4Kids: Еуропаны балалармен бірге зертте көрмесінің ашылуы.

АЛМАТЫ

9.00-де «BEST WESTERN PLUS Атакент Парк» қонақ үйінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен «Almaty Hepatology 2018» халықаралық конгресі ашылады.

12.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Цифрлық күз 2018» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

13.00-де «BEST WESTERN PLUS Атакент Парк» қонақ үйінде Қазақстандағы бауыр циррозы жағдайына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында Алматы қаласы ІІД ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек, ІІД есірткімен күрес басқармасының айрықша істеп бойынша жедел өкілі Дәурен Көбеев және Психикалық саулық орталығының директоры Сапар Рахманшеев брифинг өткізеді.

15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында КСРО Жоғарғы кеңесінің үш дүркін депутаты, КСРО-дағы тұңғыш мұнайшы әйелдер бригадасының бригадирі Балғаным Доспаеваның 120 жылдығына арналған конференция өтеді.

КӨКШЕТАУ

11.00-де «Баспалдақ-2018» дәстүрлі тауға жүгіруі шарасы өтеді. Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған шара Абай көшесінің бойындағы тұғырдан бастау алады.

ҚОСТАНАЙ

10.00-де Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда «Kostanay-Invest 2018» инвестициялық форумы басталады. Форум жұмысына 300-ден астам кәсіпкер қатысады деп күтілуде.

ҚЫЗЫЛОРДА

17:00-де Қызылорда қаласындағы Көркемсурет галереясында Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері Аманкелді Кененбаевтың «Сырдария» атты шығармашылық көрмесі мен кітабының тұсаукесері болады.

ТҮРКІСТАН

9.30-да Сайрам ауданының 90 жылдығы құрметіне тұңғыш рет жасөспірімдер арасында көкпардан командалық жарыс, қыз қуу, бәйге алу, қошқар көтеру ойындары өткізіледі.