12 қыркүйек. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 12 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
69 жыл бұрын (1956) ҚР Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері Бектас Әбдіханұлы БЕКНАЗАРОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. 1983 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 2005 жылы «Компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы және алдын алу» диссертациясының тақырыбы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын қорғады.
Еңбек жолы: Жамбыл қаласы Орталық аудандық сотының сот приставы; Жамбыл облыстық атқару комитеті әділет басқармасының кеңесшісі, аға консультанты, 2000-2002 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, 2009-2011 жылдары Ақтөбе облыстық сотының төрағасы, 2014-2020 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, 2016-2020 жылдары Сенат Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Көптеген мемлекеттік наградалардың иегері.
54 жыл бұрын (1971) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерболат Байқзақұлы САУРЫҚОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурмановка ауылында туған. 1989-1994 жылдары Жамбыл педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 2009-2011 жылдары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған. Филология ғылымдарының докторы (2010).
Еңбек жолы: Ғылымдағы жолын 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жалпы тіл білімі» кафедрасының ғылыми ізденушісі ретінде бастаған.1995-1998 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің күндізгі бөлім аспиранты және Президенттік стипендияның иегері, 1998 жылы білім саласын қаржыландыру бағытындағы Халықаралық СОРОС-Қазақстан қоры грантының жеңімпазы атанды. 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Түркі тілдері» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған.
1998-2000 жылдары университет жанындағы «Көне түркі жазба ескерткіштері» ғылыми-зерттеу орталығында ғылыми қызметкер және «Жалпы тіл білімі» кафедрасының оқытушысы қызметін атқарған. 2000-2001 жылдары М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі болып, осы кезең аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік стипендиясының иегері атанды. 2001-2004 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тест орталығы» және «Түркология» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы қызметін атқарған. 2004-2006 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры, 2006-2010 жылдары А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтында «Құқықтану және тарих», «Филология» факультеттерінің деканы, институт директорының ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жалпы тіл білімі» кафедрасының жанындағы диссертациялық кеңесте түркі тілдерінің тарихы бағыты бойынша докторлық диссертациясын табысты қорғап, филология ғылымдарының докторы ғылыми атағын иеленді. 2011-2012-жылдары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің бірінші проректоры қызметін атқарған. 2012-2022 жылдары Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры қызметінде болды.
Қазіргі қызметін 2023 жылдан бері атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.
50 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Жанұзақұлы АЛДАМЖАРОВ дүниеге келді.

Ташкент қаласында туған. 1999 жылы Ташкент инженерлік ирригация және механизация ауыл шаруашылығы институтын «инженер-гидротехник» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Ташкент қаласында «Ташоблмелиоводстрой» трестінің № 5 механикаландырылған өндірістік колоннасының 4 разрядты монтажнигі болып бастаған.
Түрлі жылдары мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда еңбек еткен.
2008-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жетекші маманы, бас маманы, 2012-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басшының орынбасары, 2014-2015 жылдары ОҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің директоры, партиялық бақылау қызметінің басшысы, 2016-2018 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2018-2020 жылдары Жамбыл облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, 2020-2023 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы, 2023-2025 жылдары ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметінде 2025 жылдың маусымынан бері.
«Құрмет» орденімен марапатталған (2019).
43 жыл бұрын (1982) Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқарма басшысы Әлібек Сайнұлы АНТАЗИЕВ дүниеге келді.

Атырау қаласында туған. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетің «Аудармашы» мамандығы, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тамандаған.
Еңбек жолы: 2003 жылы «Интернэшнл Саппорт Сервисез» ЖШС қойма меңгерушісінің көмекшісі, супервайзер, 2003-2004 жылдары «Юрест Суппорт Сервисез Казахстан» ЖСШ қоғамдық тамақтану бөлімінің супервайзері, 2005-2006 жылдары «Юрест Рейтеон Сервисез» ЖШС менеджері, 2007-2008 жылдары «ЮСС Супорт Сервисез» ЖШС тұтынушылық қызметтер бөлімінің менеджері, 2009 жылы «ОблТрансГаз» КМК өндірістік-техникалық қызметтің жетекші инженері, 2009-2011 жылдары Атырау облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жоспарлау шарт бөлімі бас маманы, 2011-2012 жылдары Орал қаласы құрылыс бөлімінің өндірістік-техникалық секторының меңгерушісі, 2014-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы тұрғын үй құрылысының мониторингі бөлімінің басшысы, 2015-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы, 2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқарма басшысының орынбасары, 2019-2025 жылдары Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының басшысы лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2025 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.
35 жыл бұрын (1990) «AMANAT» партиясының жауапты хатшысы Дәулет Жамаубайұлы КӘРІБЕК дүниеге келді.

Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, РhD докторы.
2019 жылы «Jas Otan» жастар қанатын басқарып, ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті. 2020-2021 жылдары «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы болды. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап «Nur Otan» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2021-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған. 2022-2023 жылдары «AMANAT» партиясының хатшысы қызметінде болды.
Қазіргі лауазымын 2023 жылдың шілде айынан бері атқарып келеді.