12 қыркүйекте Ақтөбе қаласында ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12 қыркүйекте Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 12 қыркүйек, дүйсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Ақтөбе қаласында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.