12 қыркүйекте Сенат депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарына кіріседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 қыркүйектен бастап ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына тіркелген барлық үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кірісе алады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте комиссияның баспасөз хатшысы Венера Жексембекова айтты.

12 қыркүйекте Сенат депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарына кіріседі

«Сенат депутаттығына үміткерлерді тіркеу 11 қыркүйекке дейін жалғасады, ал 12 қыркүйектен бастап барлық тіркелген үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кірісе алады», - деді ол.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлерді ұсыну 31 тамызда аяқталған болатын. 2 қыркүйектегі жағдай бойынша барлық ұсынылған 88 үміткердің 59-ы облыстар және Астана мен Алматы қалаларындағы сайлау комиссияларынан тіркеуден өтті. Ұсыну қорытындылары бойынша сенаторлық бір мандатқа 5 үміткерден келіп отыр.