12 маусым күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 12 маусым күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

аңдатпа
Фото: Pixabay

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.

11.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «IT-Aiel 2.0 жобасының басталуы» атты баспасөз мәслихаты жоспарланған. 

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. 

15.00-де SAAD Hotel Astana қонақ үйінде «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау арқылы ауылды тұрақты дамыту» республикалық конференциясы ұйымдастырылады. 

15.00-де «Хилтон Астана» қонақ үйінде Корея Республикасы Президентінің мемлекеттік сапары аясында Қазақстан-Корей бизнес-форумы басталады. 

16.00-де «Нұр әлем» павильонында Астанада Қазақстан құстары туралы қазақша кітаптың тұсаукесері мен «Қазақстан құстары» атты фотокөрме өтеді. 

Соңғы жаңалықтар