12 маусым күні Қазақстанда болатын маңызды шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 маусым күні Қазақстанда болатын маңызды шараларға шолу жасайды.
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де «Hilton Astana» қонақ үйінде «Astana Mining & Metallurgy» Х халықаралық тау-металлургиялық конгресі өз жұмысын бастайды.
10.00-де ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы ұлттық корғаныс университетінде магистранттардың салтанатты оқу бітіру шарасы өтеді.
10.30-да Тәуелсіздік сарайында ҚР Президентін ұлықтау рәсімі өтеді.
11.30-да Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялар орталығында қазақстандық сарапшылар мен салалық министрлік өкілдері, өнеркәсіптік кәсіпорын өкілдері су сапасын басқару бойынша Еуропалық одақ тәжірибесімен танысады.
15:00-де Мәжілістің пленарлық отырысы басталады.
16.00-де Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесінің отырысы өтеді.
16.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Jastar Jyly» және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара өтеді.
19.00-де The Ritz-Carlton қонақ үйінде «Astana Mining & Metallurgy» Х халықаралық тау-металлургиялық конгресі аясында «Алтын Гефест» - 2019» жүлдесі жеңімпаздарға табысталады.
АЛМАТЫ
08.00-де «Динамо» стадионында Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры аулалық командалар арасында «RÝH MARAFON» спартакиадасын өткізеді.
10.30-да Азаматтық орталықта балалардың құқығын қорғау мен қауіп-қатерді азайту бойынша жиналыс өтеді.
15.00-де ҚР Орталық мемлекеттік музейінде Әлкей Марғұланның 115 жылдығына арналған «Дара тұлға» көрмесі ашылады.
17.00-де Назарбаев зияткерлік мектебінде 2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» XII республикалық математикалық турнирінің қорытындысы айтылып, марапаттау рәсімі өтеді.
19.00-де «Меломан гранд» дүкенінде тарихшы радик Темірғалиевтің «Ақ орда. Қазақ хандығының тарихы», «Қазақтар мен Ресей», «Соңғы батырлар дәуірі», «Қазақтар. Бабалар жолы» кітаптарының таныстырылымы өтеді.
ҚЫЗЫЛОРДА
10.00-де Сырдария аудандық мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі балалар арасында "Армандар орындалады" атты қайырымдылық концерттік бағдарлама өткізіледі.