00:19, 12 Маусым 2016 | GMT +5
12 маусым күні республиканың кей аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 маусым күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай, жел күшеюі сақталады, солтүстікте және шығыста күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Тек Республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында бұршақ болуы ықтимал.
Қызылорда, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.