12 маусым. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 12 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Қарағанды мемлекеттік университетін (1988) «заңгер»мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметі: ҚР мемлекеттік органдарындағы жұмыс (1988-1993); ҚР СІМ шарттық-құқықтық басқармасының үшінші, екінші хатшысы (1994-1996); Беларусь Республикасындағы ҚР Елшілігінің екінші хатшысы (1996-1997); Литва Республикасындағы ҚР Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы (1997-2000); ҚР СІМ Мемлекеттік хаттама қызметінің шетелдік делегацияларды қабылдау бөлімінің бастығы (2000-2001); Хатшылық меңгерушісінің орынбасары-ҚР Премьер-Министрінің хаттамалық қызметінің басшысы (2001-2004); Чехиядағы ҚР істеріндегі уақытша сенім білдірілген өкіл (2004-2011); Грузиядағы ҚР істеріндегі уақытша сенім білдірілген өкіл (2006-2011);
ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы (2011-2014); Қазақстан Республикасының Кишинев қаласындағы Бас консулы, Молдова Республикасы (2014-2019); ҚР СІМ Әдеп жөніндегі уәкілі (06.2019-09.2021).
Қазіргі қызметін 2021 жылғы қыркүйектен бастап атқарып келеді.

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Чапаев ауылында туған. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Институт бітіргеннен кейін Орал облысының Чапаев ауылындағы № 1 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1985-1987 жылдары – Совет әскері қатарында қызмет өткерді. 1985-1992 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Чапаев аудандық комитетінің нұсқаушысы, комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО Орал облыстық комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, хатшысы, екінші хатшысы. 1992-1994 жылдары – Орал облыстық әкімшілігінің Жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы. 1994-1998 жылдары – Батыс Қазақстан облысы Жастар істері, туризм және спорт жөніндегі басқарма бастығы. 1998-2000 жылдары – Батыс Қазақстан облысы Туризм және спорт басқармасының бастығы. 2000-2001 жылдары – Батыс Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы. 2001-2002 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2002-2006 жылдары – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі. 2006-2007 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2007-2011 жылдары – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012-2016 жылдары бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2016-2021 жылдары – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі. 2021-2022 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аппаратының басшысы.
Қазіргі қызметінде 2022 жылдың ақпанынан. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Шымкент қаласында туған. Шымкент политехникалық техникумын, Алматы халық шаруашылығы институтын, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Шымкент университетін бітірген. Техник-құрылысшы, инженер-экономист, экономист-финансист, заңгер.
Еңбек жолын 1984 жылы «Октябрьге 50 жыл» орталық стадионының жұмысшысы болып бастаған. 1985-1986 жылдары «Октябрь» орта мектебі директорының орынбасары, 1986-1992 жылдары Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның әдіскері, инженері, бас инженері, басшы орынбасары, басшысы болып жұмыс істеген. 1993 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік сақтандыру фирмасы бас директорының бірінші орынбасары, 1996-2003 жылдары «Сенім» ЖАҚ, «Санұр» ЖШС, «Трансойл» АҚ филиалдары директорының орынбасары. 1999 жылдан бастап 5 рет Шымкент қалалық мәслихатына II, III, IV, V, VІ шақырылымдарға депутат болып сайланды. 2003-2008 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының 2 шақырылымында тексеру комиссиясының төрағасы. 2011-2018 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды. 2018 және 2023 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып екі рет сайланды.

Талдықорған (қазіргі – Жетісу) облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы Алакөл ауданы, «Левобережный» совхозының жұмысшысы болып бастаған. 1988 жылы Семей қаласындағы «Зеленстрой» шаруашылық есептегі учаскені көгалдандыру бөлімінің агрономы. Кейін Алакөл ауданы Үшарал қаласының Алакөл механикалық орман шаруашылығының жұмысшысы, цех шебері, инженері, Алакөл орман шаруашылығының орманшысы, бас орманшысы, «Қаратал орманы» РМК Алакөл филиалының директоры, «Талдықорған ағаштары» Алакөл филиалының директоры, «Алакөл орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің орынбасары, кейін директоры қызметтерін атқарған.
Сарқан ауданының әкімі (2010-2011); Алматы облысы Алакөл ауданының әкімі (2011-2021); Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі (2021-2022); Алматы облысы әкімінің орынбасары (02.2022-06.2022).
Қазіргі қызметін 2022 жылғы маусымнан бастап атқарып келеді.

Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Красный ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Зооинженер, мемлекеттік басқару бакалавры мамандықтарына ие.
Институтты аяқтаған соң Булаев ауданының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында мамандығы бойынша жұмыс істеген. 1995-2003 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы «Ноғайбай» ЖШС директоры, бас директоры. 2003-2005 жылдары – «Продкорпорация» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының орынбасары. 2005-2006 жылдары – «Продкорпорация» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары, Петропавл қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық инспекциясының бастығы. 2006-2008 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі. 2008 жылдың наурыз айынан 2010 жылдың сәуіріне дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі. 2010 жылдың сәуір айынан 2011 жылдың қыркүйегіне дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (2011-2019); Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі (2019-2022).
Атқаратын лауазымында-2022 жылғы желтоқсаннан бастап.
«Құрмет» (2008), «Парасат»ордендерімен марапатталған.

Шымкент (қазіргі – Түркістан) облысында туған. Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша, Халықаралық құқық және нарық академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Шымкент қаласындағы «Қанат» шағын кәсіпорны директорының сауда жөніндегі орынбасары (1993-1996); Алматы қаласы Халықаралық арбитраж қауымдастығының кеңесшісі (1996-1997); Қоғамдық бірлестіктер және діни ұйымдар істері басқармасының бас маманы, ҚР Әділет министрлігі азаматтардың өтініштерін қарау және ішкі әкімшілікті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (1997-2002); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты (2002-2004); Ақмола облысы Астрахань аудандық сотының төрағасы (2004-2008); Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының төрағасы (2008-2013); Астана қаласы Алматы аудандық сотының төрағасы (2013-2017); Астана қаласы Сарыарқа ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (2017-2020).
Қазіргі қызметін 2020 жылдың қазан айынан бастап атқарады.