12 млн. компьютерге вирус жұқтырған хакер сотталды
АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Словениялық хакер Матьяк Шкорянц зиянды бағдарлама жасап, оны сату арқылы бүкіл әлем бойынша 12 миллион компьютерге вирус жұқтырған. Сол үшін ол Марибор қаласы сотының шешімімен 4 жыл 10 айға түрмеге қамалды, деп хабарлады STA агенттігі.
Тергеу мәліметтері бойынша, медицина саласында оқыған Шкорянц негізінен вирусты Испанияда өз клиенттеріне 250-ден 1000 еуроға дейін сатып отырған. Оның бұл әрекетінен әлем бойынша жеке тұлғаларға, компанияларға, банктер мен мемлекеттік мекемелерге келген залал ондаған миллион еуроға бағаланып отыр.
Сонымен бірге жасы 27-ге келген айыпталушыға үш мың еуро көлемінде айыппұл салынып, оның заңсыз жолмен табылған мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарылды.