12 наурыз күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

23 қараша күні Астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 12 наурыз күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.

10.00-де «Бақытты отбасы» оқу орталығында үкіметтік емес ұйымдар мен белсенді азаматтардың кезекті жиналысын өткізу жоспарлануда.

10.00-де «Көрме» орталығында Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығына арналған жабдықтар мен технологиялардың жыл сайынғы XIX халықаралық көрмесі өтеді.

10.00-де «AMANAT» партиясының орталық аппаратында «Қазақстандағы жеке детективтік қызметті заңнамалық реттеудің проблемалық мәселелері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де «Ақ жол» демократиялық партиясының кеңсесінде салалық кәсіп-қауымдастықтардың ҚР құрылыс кодексінің жобасына қатысты ұсыныс-пікірін талқылау үшін дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында Астана қаласының ТЖ департаменті Алматы ауданы мектептерінің 10-сынып оқушылары арасында "Азаматтық қорғау саласының білгірі" зияткерлік ойынын өткізеді.

15.00-де ҚР Ішкі істер министрлігі «Қауіпсіз жол» науқанының қорытындысы туралы онлайн брифинг өткізеді.

15.30-да ҚР Парламенті Сенатында ҚР Президентінің VIII шақырылымдағы Парламенттің ІІ сессиясының ашылуында берген тапсырмасын іске асыру аясында «Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудің өзекті мәселелері: проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбы туралы дөңгелек үстел өтеді.

Соңғы жаңалықтар