12 наурыз. Ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстік бөлігінде қар, оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тек республиканың батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күшеюі, оңтүстігінде күндіз найзағай күтіледі.
Түркістан облысында күндіз желдің күшеюі 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с, таулы аудандарда 30 м/с және одан жоғары болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, түнде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде - түнде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.