12 наурыз. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 12 наурызға арналған күнтізбесін ұсынады.
12 НАУРЫЗ, СЕЙСЕНБІ
Маврикий мемлекетінің ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні (1968) және Республика күні (1992). Маврикий Республикасы Үнді мұхитының батыс бөлігіндегі Маврикий аралы мен оның айналасындағы шағын аралдарда орналасқан мемлекет. Астанасы - Порт-Луи қаласы. Ресми тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - маврикий рупийі. Маврикий аралына 1638 жылы голландықтар келіп қоныстанған. 1721 жылы аралға Франция иелік етіп, Африкадан құлдар әкеле бастаған. Ал 1810 жылы Маврикий Ұлыбританияның қарамағына өткен. Ел 1968 жылы наурыздың 12-інде тәуелсіздікке қол жеткізген, бірақ толық тәуелсіздігін 1992 жылы наурыздың 12-інде ғана алды.
Ресей Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні. 1879 жылы ресей императоры Александр ІІІ жазаны атқаратын бірыңғай мемлекеттік жүйенің бастамасы болған түрме департаментін құру туралы жарлық шығарды.
Қытайда ағаш отырғызу күні. Жаппай ағаш отырғызудың бастаушысы болған ұлы революция қайраткері Сунь Ят-сеннің құрметіне атап өтіледі.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
12 жыл бұрын (2002) Қазақстан журналистерінің І конгресі өтті. Ұйымдастырушылар - Қазақстан Журналистер одағы мен Телерадиотарату қауымдастығы.
9 жыл бұрын (2005) Қытайдағы қазақ диаспорасы Наурыз мейрамын атап өтті. Бейжіңге Қытай Халық Республикасындағы бұрынғы қолбасшысы генерал-полковник Хасен Ибрагим, ҚХР ШҰАӨ халықтық өкілдер жиналысының төрағасы Асхат Керімбай, Қытай әскерiнiң халық-азаттық өндiрiстiк-құрылыс корпусының ШҰАӨ-дегі пәтерге орналастырылған жетекшiлерi, Іле Қазақ автономиялық облысы, Алтай өлкесі, Тарбағатай және Шыңжаңның басқа аудандары, қазақ көркемөнер зиялыларының өкiлдерi және қазақстандық дипломаттар шақырылды.
9 жыл бұрын (2005) Таразда «Жамбыл облысының корейлері: нақты істің адамдары» атты жинақ жарық көрді. Жинаққа көп жылдар бойы өлкенiң дамуына өздерінің үлестерін қосқан кәрiс диаспораларының 143 өкiлi туралы мәлiметтер енген. Олар - ғалымдар, бiлiм, денсаулық сақтау, өнеркәсiп кәсiпорындарының, ауыл шаруашылығы, мәдениет, өнер қызметкерлерi. Жинақтың редакторы - Қазақстан Республикасының Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигi, педагогика ғылымдарының кандидаты, Тараз мемлекеттiк университетiнiң профессоры Анатолий Пак.
7 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі кеңсесінде қазақстандық омбудсменнің жаңа www.ombudsman.kz веб-сайтының таныстырылымы болып өтті.
Сайт Еуропалық Кеңестің қолдауымен құрылған, үш тілде және бес бөлімнен тұрады.
6 жыл бұрын (2008) Алматыда «Bolashak. org» және «Алаш - ұлт патриоттарының жалғасы» басылымдарының тұсаукесері өтті. «Болашақ» республикалық қозғалысының қолдауымен шығарылған басылымдардың мақсаты - жастардың рухани-этикалық мәселелерге назарын аудару, оларды еркін ойлау мен отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бұлар - студенттер мен жастардың оқуын, өзекті мәселелерін, бос уақыттарын қалай өткізетіндіктерін зерттеуге арналған басылымдар. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылып, республика аумағына таралады.
4 жыл бұрын (2010) Дрезден қаласында Қазақстан Республикасының құрметті консулдығының ашылу рәсімі өтті. Консулдықтың қызметі Германияның Саксония және Саксония- Анхальт федеральдық жерлеріне таралатын болады.
4 жыл бұрын (1999) Каирде (Египет) қазақстан елшілігі орналасқан көшеге Абай есімі берілді.
4 жыл бұрын (2010) Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің алғашқы CD нұсқадағы күйтабағының тұсаукесер рәсімі өтті.
Альбомға ансамбльдің орындауындағы барлық музыкалар енген. «Бүгінде «Тұран» ансамблі тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де өнерімен мойындалып, танылды. Қазақ әуенін көне аспаптармен асқан шеберлікпен орындай білетін жас ұжым дәстүрлі мәдениетке жаңаша көзбен қарап, өздерін көрсетіп келеді.
4 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлыққа қол қойды.
4 жыл бұрын (2010) Отандық білім беру жүйесін дамыту жөніндегі Елбасы тапсырмаларын, сондай-ақ «Еуропаға жол» ұлттық бағдарламасының баптарын жүзеге асыру аясында наурыздың 11-інде Будапеште өткен Болон министрлер форумы мәжілісінің барысында Қазақстан Болон процесіне қосылды.
Қазақстанның қосылуы туралы шешімді Болон декларациясына қол қойған 46 елдің өкілдері бірауыздан қолдады. Болон үдерісіне қосылу қазақстандық жоғары оқу орындарына отандық білім беру бағдарламаларын еуропалық стандарттарға сәйкестендіру, қазақстандық біліктіліктер мен академиялық сатыларды тану, студенттер мен оқытушылардың академиялық икемділігін қамтамасыз ету, қазақстандық дипломдардың Еуропада танылуы және түлектердің шетелдерде жұмысқа тұру мүмкіндіктерін кеңейту сияқты бірқатар басымдықтар береді.
ЕСІМДЕР
79 жыл бұрын (1935-1993) суретші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері АНТОНЮК Михаил Яковлевич дүниеге келді.
Украинада туған. Львов мемлекеттік декоративтік-қолданбалы өнер институтын бітірген.
Қазақстан Суретшілер одағының Ақмола облысындағы бөлімшесін ұйымдастырушылардың бірі. Осы бөлімшені 14 жыл бойы басқарған.
М.Антонюктің туындылары қанық бояуымен ерекшеленеді. Яғни, оның суреттерінің мазмұны үйлесімді, ойдың анықтығы басым. Көптеген монументтік ескерткіштердің авторы. Бірнеше Халықаралық көрмелерге қатысқан.
7 9 жыл бұрын (1935) астроном, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі ОМАРОВ Төкен Бегалыұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
1958 жылдан Астрофизикалық институты (В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институты) аға ғылыми қызметкері, директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта аталған институттың жұлдызды динамика, космология және есептеу астрофизикасы зертханасының меңгерушісі.
Негізгі ғылыми еңбектері аспан механикасына, жұлдыздар динамикасына және космологияға арналған.
«Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
5 8 жыл бұрын (1956) Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы, көптеген гобелен полотноларының авторы БАПАНОВА Сәуле Сыздыққызы дүниеге келді.
Қызылорда облсында туған. Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, С.Г.Строганов атындағы Мәскеу жоғары көркемсурет-өнеркәсіп училищесін бітірген.
Соңғы жұмыстары: «Сарыарқа», «Жердегі жұмақ», «Көшпелі бақ», киізден жасалған киімдер коллекциясы, «Жап-жасыл шөпке іңкәрлік», «Түнгі мерген», «Тағдырлар тоғысы», «Салт атты әйел», «Ғасырлар биі», «Көкбөрі».
Польшада, Түркиядағы І халықаралық симпозиумда, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражайда, Германияда, Алматыдағы «Тәңірі Ұмай» галереясында, Ресейде, Францияның Канн қаласында, Ригада, Тегеранда, Вильнюсте, Даниядағы ІІ халықаралық симпозиумда жеке көрмелерін өткізді. Оның жұмыстары Қазақстан, Ресей, Украина, Польша, Дания, Испания мұражайларында, сондай-ақ Қазақстанда, Францияда, Америкада, Лихтенштейнде, Түркияда, Германияда, Швецияда, Швейцарияда жеке коллекцияларда сақтаулы тұр.
ҚР Мәдениет министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған, халықаралық республикалық конкурстар мен фестивальдар дипломдарының иегері. Мәдениет қайраткері.
5 1 жыл бұрын (1963) Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы» АҚ президенті, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты АМАНШАЕВ Ермек дүниеге келді.
Өзбекстанның Сырдария облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1985-1986 жылдары - Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұражайының кіші, аға ғылыми қызметкері. 1986-1988 жылдары - Қазақ Кеңес энциклопедиясы өнер және сәулет редакциясының ғылыми редакторы. 1988-1991 жылдары - «Жалын» журналының жауапты хатшысы. 1991-1995 жылдары - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы. 1995-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Істер басқармасының қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі және мәдениет бөлімінің референті, Министрлер Кабинеті аппараты ішкі саясат бөлімінің консультанты, Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің сектор меңгерушісі, Премьер-Министр Кеңсесінің үкіметтік шешімдерді дайындауды үйлестіру бөлімінің сектор меңгерушісі, сараптау-талдау бөлімінің, қаржы-экономикалық сараптау бөлімінің консультанты, әлеуметтік сала секторының меңгерушісі, аймақтық даму және әлеуметтік сала бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі. 2000-2002 жылдары - Астана қалалық мәдениет департаментінің бастығы. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы. 2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, Мәдениет вице-министрі, Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары болған. 2006-2008 жылдары - Алматы қаласы әкімінің орынбасары. 2008-ден бері қазіргі қызметінде. Ол «Үзілген бесік жыры», «Қыр астындағы сол ғажайып әлем», «Сұлтан болсам мен егер», «Жұлдыздарда бір сыр бар» пьесаларының, «Мен Абылайды әке дер ем», «Мұхтар Әуезов», «Албасты туралы аңыз» атты деректі және көркем фильмдердің авторы. Көркем аударма саласында Ф.Кафканың, С.Ванустың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған.
50 жыл бұрын (1964) "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы, экономика ғылымының докторы ШӨКЕЕВ Өмірзақ Естайұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында туған. Мәскеу экономика-статистика институтын және аспирантурасын бітірген. 1988-1991 жылдары - Қазақ КСР Жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және басқару процестерін автоматтандыру ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері, Экономика жөніндегі мемлекеттік комитет жанындағы Қазақ ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері. 1992-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі, Президенттің экономика жөніндегі кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті аппаратының қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1993-1998 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Экономика министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, «Банк Тұран Әлем» жабық акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары. 1998-2004 жылдары - Қостанай облысының әкімі. 2004-2007 жылдары - Астана қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2007-2009 - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары. 2009-2011 жылдары - Үкіметтің бірінші вице-премьері.
2011 жылғы 26 желтоқсаннан бастап «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқармасының төрағасы. ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің мүшесі (1997); Кеден Одағы комиссиясының мүшесі (2009).
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаев» (2005), «Парасат» (1999) ордендерімен, медальдармен марапатталған.
50 жыл бұрын (1964) балерина, Қазақстанның халық әртісі ТҰТҚАБАЕВА Гүлжан Ұсанбекқызы дүниеге келді.
Алматыда туған. Мәскеудің академиялық хореографиялық училищесін, Алматы театр және кино институтын бітірген. 1982 жылдан Қазақ академиялық опера және балет театры құрамында жетекші балерина ретінде қызмет етіп, Қарагөз (Ғ.Жұбанованың осы аттас балетінде), Қалыңдық (С.Еркімбеков «Мәңгі от»), Одетта-Одиллия (П.Чайковский «Аққу көлі»), Китри (Л.Минкус «Дон-Кихот»), Эгина (А.Хачатурян «Спартак»), Зарема (Б.Асафьев «Бақшасарай бұрқағы»), Жизель (А.Аданның осы аттас балетінде), т.б. партияларды биледі. 2002 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында хореографиялық режиссура кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. Қазақ академиялық опера және балет театры құрамымен Ресейдің, Өзбекстанның, Қытайдың қалаларында, 1991 жылы Мальтада, сондай-ақ 1990-1991 жылдары жеке өзі гастрольдік сапармен Санкт-Петербор, Екатеринбург, Мәскеу, т.б. қалаларда болды. Ол Халықаралық балет әртістері байқауларының 1989 жылы Мәскеудегі, 1990 жылы Варнадағы, АҚШ-тың Джексон қаласындағы дипломанты, 2-ші Халықаралық «Дәстүр жүлдесі» фестивалінің, «Дарын» сыйлығының лауреаты атанған. «Құрмет» орденімен марапатталған.
4 2 жыл бұрын (1972) «Қазақтелеком» АҚ стратегиялық басқару жөніндегі директоры Батыр МАХАНБЕТӘЖИЕВ дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін, Халықаралық бизнес академиясын және Алматы қаласындағы халықаралық бизнес университетін бітірген.
1995-1997 жылдары - Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкі құрылтайшы-мемлекеттерінің монетарлық саясатын талдау департаментінің жетекші маманы, бас маманы. 1997-1999 жылдары - Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкі экономикалық талдау басқармасы бастығының орынбасары, бастығы. 1998-1999 жылдары - Қазақ мемлекеттік басқару академиясында «Қазіргі банк менеджменті» курсының дәріскер-оқытушысы. 1999 жылдың ақпан-тамыз айларында -Алматы-Астана қалаларындағы «Теміржолсужылужабдықтау» кәсіпорны директорының орынбасары. 1999-2000 жылдары - «Қазақстан темір жолы» РМК ақпараттандыру және байланысты дамыту басқармасы бастығының орынбасары. 2000-2008 жылдары - «Қазақстан темір жолы» РМК ақпараттық технологиялар департаменті бастығының орынбасары. 2002-2003 жылдары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары департаменті директорының орынбасары. 2003-2004 жылдары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ақпараттандыру және инновациялар саласындағы шығындарын жоспарлау департаментінің директоры. 2004-2006 жылдары - Қаржы министрлігінің ақпараттық технологиялар департаментінің директоры. 2006-2007 жылдары - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы. 2007-2010 жылдары - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің жауапты хатшысы. 2010 жылғы сәуірден - «Қазақтелеком» АҚ бас әкімші директоры. Қазіргі қызметінде - 2010 жылғы маусымнан бері.
13 3 жыл бұрын (1881-1938) Түркияның мемлекет, саяси және әскери қайраткері, Түрік республикасының негізін қалаушы және тұңғыш президенті Мұстафа Кемал АТАТҮРІК - дүниеге келді.
12 5 жыл бұрын (1889-1950) көрнекті ресей бишісі және хореографы НИЖИНСКИЙ Вацлав Фомич дүниеге келді.
7 7 жыл бұрын (1937) грузин және ресей опера әншісі-тенор, педагог, КСРО халық әртісі СОТКИЛАВА Зураб Лаврентьевич дүниеге келді.