12 наурыз. Туған күн иелері
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 12 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Маңғыстау облысында туған. 1985 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірді; филолог, филология ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: 1979 жылы – Маңғыстау облысындағы Ералиев поселкісіндегі орта мектеп оқытушысы. 1985–1986 жылдары – Қазақстанның Орталық Мемлекеттік музейінің ғылыми қызметкері. 1986–88 жылдары – Қазақ Энциклопедиясының ғылыми редакторы; 1988–1991 жылдары – «Жалын» журналының жауапты хатшысы; 1991–95 жылдары – ҚазМУ аға оқытушысы; 1995–97 жылдары – Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының жауапты қызметкері; 1997–2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің консультанты, сектор меңгерушісі, бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 2000–2002 жылдары – Астана қаласындағы мәдениет департаменті бастығы; 2002–2003 жылдары – Мәдениет Комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен қоғамдық келісім вице-министрі; 2003–2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі; 2004–2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі; 2006 жылдын мамыр-қыркүйек айларында – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары; 2006–2008 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары; 2008 жылдын сәуір-мамыр – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамы аппаратының жетекшісі; 2008-2014 жылдары Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының президенті болды. 2014-2019 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Қазіргі қызметінде 2019 жылдың шілдесінен бастап.
Мәдениет вице-министрі және «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті болған Е. Аманшаев отандық кинематографияның дамуына және салада жаңа буынның білікті кадрларын даярлауда қомақты үлес қосты. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, «Мәдениет қайраткерi» белгісімен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Кинематографистер одағының мүшесі.

Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) туған. Мәскеу Экономика-статистика институтын, аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолы: Қазақ КСР Жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және басқару процестерін автоматтандыру ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері, Экономика жөніндегі мемлекеттік комитет жанындағы Қазақ ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері (1988-1991); Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі, Президенттің экономика жөніндегі кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті аппаратының қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1992-1993); Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Экономика министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, «Банк Тұран Әлем» жабық акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары (1993-1998); Қостанай облысының әкімі (1998-2004); Астана қаласының әкімі (2004-2006); Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (2006-2007); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (2007-2009); Үкіметтің бірінші вице-премьері (2009-2011); «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы (2011-2017); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі (2017-2019).
Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылдың ақпанында кірісті.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаев» (2005), «Парасат» (1999), «Барыс» (2012) ордендерімен; медальдармен марапатталған.

Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін (1994 ж.), ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын (1999 ж.) тәмамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы ҚР СІМ Орталық аппаратында бастап, сол жылы Қазақстанның Үрімжі қаласындағы (ҚХР) Паспорттық-визалық қызметіне іссапарға жолданды. 1999-2007 жылдар аралығында Қазақстанның Үрімжі қаласындағы (ҚХР) Паспорттық-визалық қызметінде, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде түрлі дипломатиялық лауазымдарда жұмыста болды. 2007-2009 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка елдері департаментінде бірқатар жауапты лауазымдарда қызмет атқарды. 2009-2011 жылдары Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып, 2011-2014 жылдары Қазақстанның Шанхай қаласындағы (ҚХР) Бас консулы лауазымында қызмет атқарды. 2014-2016 жылдары ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары, Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары қызметтерінде болды. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Қазіргі қызметін 2019 жылдың қарашасынан бері атқарып келеді.
ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. Қытай және ағылшын тілдерін меңгерген.

Орал қаласында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұрынғы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институты) филология факультетін (1995); Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «драма режиссері» мамандығы бойынша Қазақстанның халық артисі, профессор Маман Байсеркеновтің шеберханасын (1996) бітірген; Сорбонна университетінің магистратурасында білім алып, Франциядағы Париж Ұлттық драма өнері консерваториясында тағылымдамадан өткен (2008); Мәскеудің атақты жоғары оқу орны ГИТИС-те - Ресей театр өнері академиясында «Режиссура магистрі» ғылыми атағын алған (2010); Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының докторантурасын тәмамдап, «Философия докторы» ғылыми дәрежесіне ие болған (2015).
Еңбек жолы: Батыс Қазақстан облысы халық шығармашылығы орталығының бас режиссері; Құрманғазы атындағы Орал музыка колледжінің «Актерлік шеберлік» бөлімінің меңгерушісі; Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының режиссері; Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетінің деканы; «Қазақстанды рухани дамыту қоры» АҚ вице-президенті; «Қазақ әуендері» АҚ президенті; Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Актерлік шеберлік және режиссура» кафедрасының доценті (2014 жылдан). 2017 жылы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымын басқарды. «Астана Мюзикл» театрының көркемдік жетекшісі болды. Соңғы тағайындауға дейін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының басшысы болды. 2018-2019 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының директоры (2019-2020).
Қазіргі лауазымын 2020 жылдың қазанынан бері атқарып келеді.
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «20 жыл Астана» (2018) медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының сыйлығының лауреаты.

Шығыс Қазақстан облысында туған. 2006 жылы Алматыдағы С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін тәмамдаған.
2009 жылы «Болашақ» стипендиясы арқылы АҚШ-тағы Тулейн университетінде Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі дәрежесін алған. Гарвардтың Т. Х. Чан атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде білім алған және қоғамдық денсаулық сақтау докторы дәрежесін қорғаған. Harvard Chan Qualitative Research Methods студенттік клубының тең құрылтайшысы және президенті әрі Бостондағы қазақ диаспорасының мәдени ортасын қалыптастыруға арналған «Мирас» қазақ мәдени орталығының тең құрылтайшысы мен президенті. Әр жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде және Назарбаев Университетінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2019-2021 жылдары – Сүлеймен Демирел университетінің ректоры.
Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың маусымынан.