12 облыста республикалық маңызы бар жолдардың 66 учаскесі жабылды

Ақтөбеде жел күшейіп, бірнеше жол жабылды
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — 7 ақпан сағат 15.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 66 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Ақмола облысында – 12 учаске;

Ақтөбе облысында – 13 учаске;

Атырау облысында – 2 учаске;

Жамбыл облысында – 1 учаске;

Жетісу облысында – 1 учаске;

Батыс Қазақстан облысында – 7 учаске;

Қарағанды облысында – 11 учаске;

Қостанай облысында – 8 учаске;

Қызылорда облысында – 1 учаске;

Павлодар облысында – 3 учаске;

Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске;

Ұлытау облысында – 3 учаске.

Шектеу енгізілген учаскелер туралы ақпаратты осы сілтеме арқылы білуге болады.

Соңғы жаңалықтар