12 сәуір. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

ҚР территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстік жартысында қатты жаңбыр болып, найзағай ойнайды. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары қысым алқабы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте дауыл, солтүстік-батысында тұман, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.
Алматы облысының күндіз шығысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі, облыстың оңтүстігі және шығысында жел 18-23 м/с күшейеді. Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аймақтарында найзағай, дауыл күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында найзағай күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Ақмола облысының оңтүстік-батысында найзағай күтіледі, жел 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі, түнде жел 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде түнде және таңертең найзағай, дауыл күтіледі, облыстың орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының түнде оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Күндіз Атырау облысының батысында, Маңғыстау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, күндіз Павлодар облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.