12 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 сәуір күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
10.00-де Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.
11.00-де ЭКСПО халықаралық көрме орталығында AutomechanikaAstana көрмесі ашылады. Конференция барысында бірқатар халықаралық спикерлердің қатысуымен «Қазақстандағы электр көлігінің даму болашағы: артықшылықтар, инфрақұрылым, қайта өңдеу» салалық конференциясы өтеді және Allur JACJ7, KIA K5, KIA Cerato қазақстандық автомобиль компанияларынан тест-драйв жүргізіледі.
11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Бағаны тұрақтандырудың жаңа тәсілдері» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ғылымды дамытудың жаңа трендтері» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Жұмаханұлы АХМЕД-ЗАКИ; ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті, ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі Мұрат Жұрынұлы ЖҰРЫНОВ; «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ Бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі Күнсұлу Далтонқызы ЗАКАРИЯ; Австрия ғылым және технология институтының профессоры (Австрия), ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі Жаныбек ӘЛПИШЕВ;
Густав Рози институтының «ДНҚ жөндеу» зертханасының директоры (Франция), ҚР Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі Мұрат Қалиұлы САПАРБАЕВ; Диар Талбаев Тулейн университетінің профессоры (АҚШ), ҚР Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі Дияр ТАЛБАЕВ. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
14.30-да St. Regis Astana қонақүйінің «Тұлпар» залында халықаралық гроссмейстер, жылдам шахматтан 2018 жылғы әлем чемпионы Даниил Дубовпен бір мезгілде ойын сессиясы өтеді.
15.00-де Назарбаев Университетінің Биотехнология саласындағы инновациялар кластері (NURIS) Қазақстан ғылыми күніне орай «BioTech Startup Ideas» креативті семинар өткізеді.
17.00-де «Шабыт» шығармашылық сарайында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «Ғылым қызметкерлері күніне» арналған салтанатты жиын өтеді.
18.00-де Жастар театрында «Күйеу бала» драмасы қойылады.
19.00-де Astana Opera театрында «Барокко музыкасының гранд-кеші» өтеді.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы қойылады.