12 сәуір. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР
Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған.
Мұғалімдер семинариясында Ж.Аймауытов, М.Әуезов сынды көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Ш.Құдайбердіұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған.
«Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдірген. 1920-1941 жылдары Баянауылда халық судьясы, «Атбастүстімет» тресі геология бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған. 1941-1952 жылдары КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан Ғылым академиясының президенті болған.
1952 жылы әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР Геология институтының директоры болып тағайындалған.
1955 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған.
Қазақстанның қала, ауылдарында Сәтбаев есімімен аталатын жүздеген көше, 40-тан астам мектеп бар. Сондай-ақ ғалымға ескерткіштер орнатылған.
Оның есімі Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институтына, бір қала мен ғаламшарға, еліміздің ең ірі техникалық оқу орны Қазақ ұлттық техникалық университетіне берілген.
Сәтбаевтың құрметіне Жоңғар (Жетісу) Алатауы жотасындағы мұздық пен шың, Қаратаудағы ваннадий кен орнынан табылған «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолиус гүлі аталған.
4 мәрте Ленин, 2-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Карағанды облысының Балқаш қаласында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1983 жылы бұрынғы Жезқазған облысының прокуратура органдарында бастап, 1987 жылдың желтоқсанына дейін Жезқазған қаласының прокуратурасында және Жаңаарқа ауданының прокуратурасында тергеуші болып қызмет атқарды.
1988 жылдың қыркүйегіне дейін Жезқазған облысы прокуратурасында тергеушінің міндетін атқарушы болды.
1988 - 1992 жылдар аралығында Балқаш қаласы прокуратурасының аға тергеушісі; 1992 жылы Балқаш аудандық сотының судьясы болып тағайындалған, кейіннен Балқаш табиғат қорғау прокурорының аға көмекшісі; 1993 - 1998 жылдар аралығында Балқаш қаласы прокурорының орынбасары, кейіннен Қарағанды облысы прокуратурасының бөлім бастығы қызметіне ауысты. 1998 - 2001 жылдар аралығында Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының прокуроры; 2001 - 2002 жылдары - Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының прокуроры; 2002 - 2006 жылдары - Теміртау қаласының прокуроры; 2006 - 2008 жылдары - Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары; 2008 жылдың ақпанынан бастап ҚР Бас әскери прокуроры орынбасарының міндетін атқарушы, кейіннен ҚР Бас әскери прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2015 жылы ҚР Бас прокуратурасының Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы, ҚР Бас прокуратурасының Қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы қызметін атқарды. Шығыс Қазақстан облысының прокуроры (2017-2021).
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған (2013). 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.
Қазіргі қызметін 2021 жылдың мамыр айынан бер атқарып келеді.
Алматы энергетика және байланыс институтын «инженер – экономист» біліктілігі бойынша, Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы экономикасы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы топырақтану кафедрасының ассистенті қызметінен бастады. 1987-1989 жылдар аралығында агроном, аға агроном-тұқым өсіруші, кеңшардың бас экономисі болып жұмыс істеді.
1990 -1992 жылдары Қызылту аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі төрағасының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары және Көкшетау облысы аудандық әкімшілігінің аудандық жоспарының төрағасы қызметтерін атқарды.
1992 - 1996 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.
1996-2005 жылдары Көкшетау облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, Солтүстік Қазақстан облыстық экономика басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бөлім бастығы, Астана қаласындағы «Ақмола Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2005-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы, Халықаралық Қайта Құру және даму банкінің (Дүниежүзілік банк) «Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау» жобасын басқарды.
2007 - 2011 жылдары Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» ӘКК ұлттық компаниясы» АҚ қаржы директоры, орынбасары, бірінші орынбасары, Басқарма төрағасы лауазымдарында жұмыс істеді.
2012 - 2016 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2016 жылы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі болып жұмыс істеді.
2018 жылдары С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылдың 27 тамызынан – «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы.
«Құрмет» орденімен және 5 медальмен марапатталған.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1991); М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жоғары мектебі, философ (1994).
Еңбек жолы: «Каззапсельпроект» БЖИ корректор (1985); Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде көмекші, атташе, үшінші, бірінші хатшы, кеңесші, министр кеңесшісі (1994-2004); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы (2004-2006); Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі (2006-2008); Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2008 жылдан); Қазақстан Республикасының Латвия, Эстония Республикасы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2009 жылдан); Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2012-2016); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (2016-2019).
2019 жылдың наурызынан бастап қазіргі қызметінде.
1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қариларды дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.
1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетте білім алған. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген.
2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын бітіріп, экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.
2014-2016 жылдары «Нұр Мүбəрак» университетінің Исламтану мамандығы бойынша магистрі академиялық дәрежесін алған.
Діни саладағы жұмысы Алматы Орталық мешітінің наиб имамы қызметінен басталған. Ислам институтының ұстазы, ректоры, ҚМДБ Ақмола облысы бойынша өкіл имамы, Алматы қаласы әкімшілігінің діни істер бөлімінің сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Іс басқармасында дирекция директоры қызметін атқарды.
2000-2001 жылдары ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти, 2003-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Бас имамы, 2011-2013 жылдары ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы, 2013 жылы ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы қызметін атқарды.
2017 жылы Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти лауазымына сайланды.
2020 жылдың наурыз айынан қазіргі қызметінде.