12 сәуірде ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 12 сәуірге  арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстан аумағындағы ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжаммен бөлісті. 

ауа райы
Фото: pexels.com

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. 

Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды – жаңбыр жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарда жауын-шашын,  жаңбыр аралас  қар жауады.

Шығыста, республиканың орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, жел күшейеді. 

Еліміздің солтүстігінде, шығысында көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай, оңтүстік-батысында күндіз шаңды дауыл күтіледі.