Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

12 тамызда Күн тұтылады: оны қайдан көруге болады

АСТАНА.KAZINFORM - Бүгін, 12 тамызда бірнеше елдің тұрғындары сирек кездесетін құбылысты, Күннің толық тұтылуын көреді. Ай Күнді толығымен жауып, күндіз аспанды бірнеше минутқа ымыртқа батырады. Бұл астрономиялық оқиға жылдың негізгі аспан құбылыстарының бірі болады және Персеид метеорлық ағынының шыңымен сәйкес келеді.

Солнечное затмение
Фото: Александр Павский/Kazinform

NASA мәліметі бойынша, 12 тамызда толық Күн тұтылуы Гренландия, Исландия, Ресейдің солтүстігі, Испания және Португалияның бір бөлігі арқылы өтеді. Жартылай фаза Еуропаның көп бөлігінде, Африканың солтүстігінде, Солтүстік Америкада және Арктиканың кейбір аймақтарында көрінеді.

Бұл оқиға еуропалық бақылаушылар үшін ерекше қызық болмақ: кейбір аудандарда күн көкжиектен асып түседі, ал ол ол кезде Күн бетін Ай жартылай жабады. NASA мұны «Күн батқан кезде тұтылуды» көру мүмкіндігі деп атайды.

Күннің батқандағы ең әдемі кадрды қайдан көруге болады?

Ең қызықты нүктелер Испанияның солтүстігінде, Исландияда және Португалияның кейбір бөліктерінде орналасқан. Мысалы, NASA толық көрініс болатын кезеңді былай есептеген:

Леон, Испания – шамамен 20:28 - 20:30;

Бильбао -шамамен 20:27;

Сарагоса -шамамен 20:29-20:30;

Валенсия -шамамен 20:33;

Рейкьявик - шамамен 17:48.

Қазақстанда қалай болады?

Қазақстан қалалары 2026 жылғы 12 тамызда Күн тұтылуының көріну аймағына кірмейді. Айдың көлеңкелі жолағы Қазақстанның солтүстігінен, көрші Ресей аумағынан өтіп, Таймыр ауданынан басталады.

NASA GSFC есептеуі Таймыр аймағынан Арктика арқылы Гренландияға, Исландияға және Еуропаға дейінгі толық фазалық траекторияны көрсетеді.

12 тамызда Күн тұтылатынын бұған дейін жазған едік.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 25 қазанда Қазақстан халқы елдің барлық аумағында Күн тұтылуын байқады. Ал 2025 жылғы 8 қыркүйекке қараған түні кейінгі жылдардағы ең ұзақ толық Ай тұтылуының куәсі болды. 

Айта кетейік, ғалымдар Күн бетінің тарихтағы ең анық суреттерін жариялады.

Персеидтер метеор ағыны 13 тамызға қараған түні шарықтау шегіне жететінін жазған едік.