12 тамыз. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 12 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.
12 тамыз, СЕ ЙСЕНБІ
Халықаралық жастар күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес 1999 жылғы желтоқсанның 17-інен бастап атап өтіледі (Лиссабон, 1998 жылғы тамыздың 8-і мен 12-і аралығы).
Ресей Федерациясының Әскери-әуе күштері күні. РФ Президентінің 1997 жылғы тамыздың 29-ындағы «Әскери-әуе күштері күнін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес атап өтіледі.
Бүкіләлемдік дыбыс жазу тарихы. 1877 жылы дыбыс жазу өнерінің тарихы басталды. Американдық өнертапқыш Томас Эдисон механикалық тәсілмен «Mary Had A Little Lamb» әуенін күйтабаққа жазды. Оның дыбыс жазуға арналған алғашқы машинасы қолдың көмегімен іске қосылатын цилиндрден тұрды. Сонымен қатар құрылғыда керней мен өтпейтін ине болды.
Таиландта аналар күні (Ханшайымның туған күні). Тамыздың 12-інде Таиландта Ұлы мәртебелі Сирикит ханшайымның туған күніне арналған мереке өтеді. Бұл тек барлық тай халқының маңызды мерекесі ғана емес, сонымен қатар Аналар күніне орайластырған ұлттық мереке. Бұл күні ханшайымға арналып концерттер, әртүрлі іс-шаралар өткізіліп, спорттық жетістіктер көрсетіліп, жаңа қайырымдылық ұйымдар құрылады.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
6 1 жыл бұрын (1953) Семей полигонында қуаттылығы 400 килотонналық термоядролық жарылыс жасалды.
4 4 жыл бұрын (1970) Алматыда Қазақ циркінің ғимараты салынып бітті. 1979 жылы Бүкілодақтық цирк өнері конкурсында «Земля чудес» бағдарламасы 1-ші орынды иеленді. 1991 жылы Қазақ циркі «Одақмемцирк» құрамынан шықты.
4 3 жыл бұрын (1971) іргетасы 1950 жылы қаланған Лисаков елді мекеніне қала мәртебесі берілді.
1 7 жыл бұрын (1997) Душанбе қаласында Мұхтар Әуезовтың туғанына 100 жыл толуы аталып өтті.
Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) - қазақ әдебиетінің классигі, жазушы, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған.
1 5 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасының «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңы жарияланды.
7 жыл бұрын (2007) Астанада Адам құқықтары және Еуропалық құқық институтының директоры Марат Башимовтың «Новый Казахстан в новом мире» атты кітабының таныстырылымы болды.
2002 жылдың тамызында омбудсмен институтын - адам құқығын қорғайтын мемлекеттік органды құру туралы шешім қабылданды. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бағдарламасы бойынша шығарылған кітап елімізде құрылған институттың омбудсмен жұмысының талдауына арналған
7 жыл бұрын (2007) Атырауда «Где единство, там и процветание» атты халық өнерінің фестивалі өтті.
Ұйымдастырушылары - «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы және Қазақстан халқы Ассамблеясы. Фестиваль шығармашылық жарыс ретінде өтті, оған Атырау облысында жұмыс істейтін барлық ұлттық-мәдениет орталықтарының өкілдері қатысты. Негізгі мақсаты Қазақстанда тұратын әр түрлі халықтардың салт-дәстүрлерін және құндылықтарынның мәртебесін жоғарлату болып табылады. Фестивальде армяндар, башқұрттар, грузиндер, қазақтар, кәрістер, немiстер, орыстар, татарлар, украиндер және тағы басқа ұлт өкілдері өз өнерлерін паш етті.
5 жыл бұрын (2009) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
ЕСІМДЕР
90 жыл бұрын (1924) ақын, аудармашы Ұлы Отан соғысының ардагері ЖҰМАҒҰЛОВ Мақан Жұбанышұлы дүниеге келді.
Алматы облысының Шелек ауданында туған. Алматы көркемсурет училищесін, Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институтын бітірген. 1948-1952 жылдары Алматыдағы №18 орта мектепте ұстаздық қызмет атқарған. 1952-1954 жылдары - «Учитель Казахстана» газетінің әдеби қызметкері. 1959-1969 жылдары - «Жазушы» баспасының редакторы. 1970-1973 жылдары - «Қазақстан» баспасының редакторы. 1975-1983 жылдары Бүкілодақтық авторлық құқық қорғау жөніндегі агенттігі Қазақ республикалық бөлімшесінің инспекторы, аға әдеби кеңесшісы қызметтерін атқарған.
Алғашқы өлеңдері 1950 жылы «Қазақстан» (қазіргі «Простор» журналы) альманахы мен «Ленинская смена» газетінде жарияланған. Шығармаларын орыс тілінде жазды.
60 жыл бұрын (1954) Оңтүстік Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының бастығы ӘБДІҚҰЛОВ Созақбай Исаұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Шымкент облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының аға агрономы, бөлім бастығы, Созақ аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1986-1997 жылдары - Созақ аудандық ауыл шаруашылығы басқамрасының бас агрономы, бастығы. 1997-2006 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары, әкімі. 2006-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы. 2008-2010 жылдары - Созақ ауданының әкімі. Қазіргі қызметінде 2010 жылғы қарашадан бастап істейді.
3 медальмен марапатталған.
4 9 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілiсінің Аппараты заң шығару бөлімiнiң меңгерушісi ТІЛЕУХАН Наркес Төлекқызы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1987-1994 жылдары - Әуезов аудандық атқару комитеті әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің инспекторы, Алматы қалалық атқару комитетінің бақылау бөлімінің есепші-тексерушісі, Алматы қалалық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының зейнетақы бөлімінің бастығы, Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің жиынтық-талдау бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақымен қамсыздандыру бас басқармасының бастығы. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі аппараты заң шығару сараптама бөлімінің сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Аппаратының уақытша жұмысшының заң жобалары жөніндегі жұмыс тобының басшысы. 1995-1998 - жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заң шығару және құқық экспертизасы бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1998-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының заң шығару бөлімінің меңгерушісі. 2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты заң шығармашылығы және мониторинг орталығы директорының орынбасары. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының заң жобасы жұмысы орталығының директоры, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2004 жылдан.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «10 жыл Астана» медальдарымен марапатталған.
5 7 жыл бұрын (1957) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы МУСИНОВ Серікбол Рахымқанұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. 1980 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының балалар дәрігері факультетін, 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының фармацевтік факультетін, 2006 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің экономика және менеджмент факультетін бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Семей облысының медициналық мекемелерінде бастап, басшылық жұмыстарында болды. 1997-1998 жылдары ҚР ДСМ Қоғамдық медицина жоғары мектебінің проректоры. 1998-2001 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау істері агенттігінің халыққа медициналық көмек сапасын бақылау және ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары, директоры. 2002-2004 жылдары - ҚР ДСМ фармацевтік бақылау жәнек дәрілік саясат басқармасының бастығы, әкімшілік департаментінің директоры. 2004-2006 жылдары - ҚР ДСМ «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары ғылыми-практикалық орталығы» РМК директорының орынбасары. 2006-2007 жылдары - «Биотехнологиялар ұлттық орталығы» РМК бас директорының орынбасары. 2007-2008 жылдары - ҚР ДСМ «Республикалық диагностикалық орталық» РМК директорының міндетін атқарушы, директоры. 2008-2011 жылдары - Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасның бастығы. 2011 жылдың мамыр айынан - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы. 7 7 жыл бұрын (1937) ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты СЫДЫХАНОВ Әбдірашит Аронұлы дүниеге келді.
Атырау облысының Индер ауданындағы Кулагино ауылында туған. Суретші, Алмат көркемсурет училищесін, Н.К.Крупская атындағы Халық шығармашылығы үйі жанындағы Мәскеу көркемсурет студиясын бітірген.
ҚР Көркемсурет Академиясының мүшесі. Шығармашылық жолын «Қазақфильм» киностудиясында қоюшы ретінде бастады. «Қараш-Қараш», «Құлагер», «Кездеспей кеткен бір бейне», «Өрнек», «Жусан» т.б. фильмдерді түсіруге қатысты. 1967 жлы Мәскеуде оның «Ән қанатында» фильміне жасаған эскиздері бойынша көрме болып өтті (1966). Ол - «1916 жыл», (Ақындар дауысы», «Ереуілшілер», «Жеңілгендер»), «Маңғыстау мұнайшылары», «Кездесу» триптихтарының, «Қазақстан туралы поэма» панносының, т.б. шығармалардың авторы. Қыл қалам шеберінің суреттері Польша, Болгария, Ресей, т.б. өткен халықаралық көрмелерге қойылды.
«Тарлан» сыйлығымен марапатталған, «Құрмет» орденінің иегері.
6 3 жыл бұрын (1951) ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы мемлекет саясаты ұлттық мектебінің «Саясаттану» бағдарламасының үйлестірушісі, тарихшы, саяси ғылымдардың докторы, профессор, ҚР Саяси ғылымдар академиясының академигі ЖҮНІСОВА Жаңылжан Қасымқызы дүниеге келді.
Петропавл қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1971-1981 жылдары - Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде тағылымдамашы-зерттеуші, аспирант. 1981-1986 жылдары - Петропавл педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент. 1986-1992 жылдары - Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің лекторы, Алматы жоғары партия мектебінің доценті, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтының доценті. 1992-1997 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының Шығыстану институтында бөлім меңгерушісі. 1997-2004 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипоматиялық академиясында (2000 жылдан - Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде) әлеуметтік-саяси ғылымдар кафедрасының меңгерушісі. 2004-2010 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының депутаттық бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі. 2010 жылдан - қазіргі қызметінде. Бірінші хатшы дипломатиялық рангі бар. Ғылыми зерттеулерге жәрдемдесу жапон қоғамының ғылыми жобасына қатысты. «Қазақстан Республикасы: Президент. Демократия институттары», «Саясаттануға кіріспе», «Қазіргі Қазақстандағы саяси көшбасшылық» кітаптарының, 70-тен астам ғылыми жарияланымдардың авторы.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымына сіңірген еңбегі үшін» құрметті белгісімен және Құрмет грамотасымен, ҚР Сыртқы істер министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
19 2 жыл бұрын (1822-1875) неміс астрономы Д'АРРЕ Генрих Луи дүниеге келді.
12 7 жыл бұрын (1887-1961) австриялық физик-теоретик, квант механикасы мен материяның толқындық теориясын жасаушы, физикадан Нобель сыйлығының лауреаты, Берлин, Оксфорд, Грацк және Гент университеттерінің профессоры Эрвин Рудольф Йозеф Александр ШРЁДИНГЕР дүниеге келді.