12 тамыз: Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 12 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.
None
None

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын
(1961) VII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Шамиль Аблазетдинович ОСИН дүниеге келді.

Томск қаласында туған. Қарағанды қаласындағы №1 кәсіптік-техникалық училищені бітірген соң, 1979 жылы еңбек жолын Костенко атындағы шахтада жер асты электр слесарі болып бастады. 1982-1984 жж. Кеңес Армиясы қатарында борышын өтеді.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. 1984-1991 жж. мемлекеттік сауда саласында еңбек етті. 1991-1993 жж. шағын жеке кәсіпорын құрылыс директорының орынбасары болды. 1993-1999 жж. – «Саудажабдықтарыодағы» АҚ-ның Президенті. 1999-2009 жж. – «Шығыс» сауда үйі» ЖШС-нің Бас директоры. 2009 жылдан 2021 жылға дейін «Шығыс» шаруа қожалығының басшысы

Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың қаңтар айынан бастап.
«Шапағат» медалімен, «Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін медальмен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мерекелік медальдарымен, «Қарағанды қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» (2014) медалімен, «Халық алғысы» медалімен, «Қазақстанда қайырымдылықты дамытқаны үшін» Құрмет грамотасымен және т.б. грамоталармен марапатталған.

54 жыл бұрын (1967) Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Мұратұлы ЫДЫРЫСОВ дүниеге келген.

Көкшетау қаласында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалын агроном мамандығымен (1990); Республикалық салааралық есеп және статистика институтын есепші-экономист мамандығымен (1997) бітірген. Еңбек жолы: Көкшетау облысындағы «Садовый» кеңшарының агрономы (1991 жылдан бастап); Көкшетау және Ақмола облыстары бойынша Салық басқармасында түрлі лауазымдар атқарған (1992-1999); Атбасар ауданы бойынш Салық комитетінің төрағасы (2000-2006); «Бурабай» МҰТП» директорының орынбасары (2006-2008); Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының ведомствоға бағынышты ұйымдарды басқару бөлімінің меңгерушісі (2008-2018).

Қазіргі лауазымын 2018 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.

52 жыл бұрын (1969) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қолбасшылық өкілі Ержан Жиқсанғалиұлы МЫРЗАБАЕВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Армия генералы В. Хрулев атындағы Ярославль жоғары әскери қаржы училищесін аяқтады (1990): РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясы жанындағы Әскери қаржы-экономикалық факультетін бітірді (1999).

Еңбек жолы: ҚР ҰҚК Шекара қызметі қаржы қызметінің бастығы, инспекцияның инспектор-ревизоры, департамент бастығының орынбасары, бас қаржы инспекциясының бастығы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі директорының орынбасары болды.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015) медальдарымен марапатталған.

41 жыл бұрын (1980) «Отбасы банк» басқарма төрағасының орынбасары Мирас Берікұлы БЕЙСЕМБАЕВ дүниеге келді.

Өскемен қаласында туған. Қазақ заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Аудитор» мамандығы бойынша, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 2001-2006 жылдары – «Қазпошта» АҚ Мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы, Мемлекеттік сатып алулар және логистика бөлімінің бастығы, әкімшілік басқару мүлкімен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы, филиалдармен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы, бас заң кеңесшісі. 2006-2009 жылдары – «Вектор Строй» ЖШС директорының орынбасары. 2009 жылдың маусым-қыркүйек айларында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Заң департаментінің менеджері қызметін атқарды. 2009-2010 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Заң департаментінің Бас менеджері. 2010-2012 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Субсидиялау департаментінің директоры. 2012-2015 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарушы директор – Басқарма мүшесі. 2015-2017 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары. «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2017-2019).

Қазіргі қызметінде 2020 жылдың мамыр айынан бастап.

40 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Ермұханұлы РАИСОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1997-2001 жж. - Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік академиясы, 2001-2003 жж. - Қазақ гуманитарлық-заң университетінде білім алды, 2013-2015 жж. - University of Bath, Brunel University London (Ұлыбритания) оқыды. Мамандығы: мемлекеттік басқару. «Болашак» бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолы: 2004-2006 жж. – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің бақылаушы-ревизоры.

2006-2013 жж. – ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде басшылық лауазымдарда болды.

2020 жылғы 15 қазаннан 2021 жылғы 3 ақпанға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің F8 басқармасының басшысы.

2021 жылғы 4 ақпаннан бері қазіргі қызметінде.


Соңғы жаңалықтар