12 тамыз. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқырман назарына 12 тамыз күні дүниеге келген тұлғалар туралы мәлімет ұсынамыз.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Армия генералы В. Хрулев атындағы Ярославль жоғары әскери қаржы училищесін аяқтады (1990): РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясы жанындағы Әскери қаржы-экономикалық факультетін бітірді (1999). Еңбек жолы: ҚР ҰҚК Шекара қызметі қаржы қызметінің бастығы, инспекцияның инспектор-ревизоры, департамент бастығының орынбасары, бас қаржы инспекциясының бастығы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі директорының орынбасары болды.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015) медальдарымен марапатталған.

«Қайнар» университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы Күршім ауданы прокуроры көмекшісінің міндетін атқарушы болып бастаған. Күршім, Алтай аудандары прокурорының көмекшісі, басқарма прокуроры, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры қызметтерін атқарды.
2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының ІІМ органдарында тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының бөлім бастығы болып тағайындалды. Одан әрі еңбек жолын Өскемен және Нұр-Сұлтан қалаларының прокуратураларында жалғастырды.
2012 жылдан бастап ҚР Бас прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінде қызмет атқарған.
2013-2018 жылдары аралығында ШҚО прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, кейіннен ШҚО прокуратурасының қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы болды. 10.2019-04.2021 жж. Ұлан ауданының прокуроры лауазымында жұмыс істеді. Қазіргі қызметін 2021 жылдың сәуірінен бері атқарып келеді.

Алматы қаласында туған. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік академиясын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірді, , University of Bath, Brunel University London (Ұлыбритания) оқыды. Мамандығы: мемлекеттік басқару.
Еңбек жолы: 2004-2006 жж. – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің бақылаушы-ревизоры. 2006-2013 жж. – ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде басшылық лауазымдарда болды. 2020 жылғы 15 қазаннан 2021 жылғы 3 ақпанға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің F8 басқармасының басшысы.
2021 жылғы 4 ақпаннан бері қазіргі қызметінде.

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында дүниеге келді. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, экономист (2007); Қазақ-Орыс халықаралық университеті, заң бакалавры (2012); Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, мұнай-газ ісі (2016) бітірген.
Еңбек жолын коммерциялық құрылымдарда бастаған. 2012- 2016 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы әкімі аппаратының жетекшісі, Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болды. 2016 жылдың мамырында Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалды. 2017-2018 жылдары – Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі. Атырау қаласының әкімі (2018-2020). «Жайықмұнай» ЖШС бас директорының орынбасары (2020-2021). Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары (2021-2023).
Қазіргі қызметін 2023 жылдың қаңтарынан бастап атқарып келеді.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.