12 жасар қазақстандық пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионы атанды

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - 12 жастағы қазақстандық - Никита Тымченко ҰПҚ нұсқасы (Ресейдің Ұлттық паурлифтинг қауымдастығы) бойынша әлем чемпионы болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
None
None

Қазан айының басында Екатеринбургте қүш сынасу спорт түрі бойынша «Алтын жолбарыс» дәстүрлі фестивалі өтті. Ол жеті жыл қатарынан өтіп келеді, және осы жолы оған үш мыңнан астам спортшы қатысып, ал көрермендер саны он мыңнан асып жығылды. «Алтын жолбарыс» «Арнольд Классик Еуропаны» басып озып, Еуропадағы осындай жарыстардың озығы болып саналады.

Турнир шеңберінде ҰПҚ нұсқасы бойынша әлем чемпионаты өткізілді.

Қарағандыға жақын орналасқан Теміртаудың үш спортшысы бірдей Екатеринбургте чемпион атанды. Қазақстан қауымдастығының өтініші бойынша жарысқа қатыстырылған 12 жастағы Никита Тымченко 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өз салмағын көтеріп, тинэйджерлер арасында (14-15 жас) «алтынды» женіп алды.

Оның әкесі - Сергей Тымченко - 40 жастан 44 жасқа дейінгі спортшылар қатысқан «Мастерс-1» ардагерлер дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. Тымченконың әкесі бірден үш алтын медальді қоржынына салды. Сондай-ақ, ардагерлер арасында оның жерлесі Рафаил Валиуллин де қатысып, «алтын» олжалады.

Тымченконың әкесі қазіргі уақытта қазан айының аяғында Прага қаласында өтетін WPC нұсқасы бойынша әлем чемпионатына дайындалып жатқанын атап айтамыз.

Соңғы жаңалықтар