12 жасар қазақстандық шахматшы Сербияда өткен турнирде 1-орынды жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербияда өткен Serbia Chess Open 2021 шахмат турнирінде 12 жасар қазақстандық Даниял Сапенов максималды 9 ұпайдың сегізін еншілеп, 1-орынды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

12 жасар қазақстандық шахматшы Сербияда өткен турнирде 1-орынды жеңіп алды

Бұл жайында Қазақстан шахмат федерациясы мәлімет таратты.

Даниялдан бөлек, тағы бірнеше отандасымыз аталмыш жарысқа қатысып, өрнекті ойыны үшін бағалы сыйлыққа ие болды.

Айта кетейік, бұл ашық турнирде әуесқойлар тобында 30 елден 194 шахматшы бақ сынады.

ҚР ерлер командасының мүшесі, халықаралық мастер Денис Махнев Serbia Chess Open 2021 турнирінде мастерлер арасындағы көптен күткен гроссмейстердің 3 ұпайын жеңіп алды.

Еске сала кетейік, ең жоғары шахмат дәрежесін алу үшін халықаралық гроссмейстердің 3 нормасын орындап, 2500 рейтингіне қол жеткізу керек.

ҚР жастар құрамасының мүшесі, ФИДЕ әйелдер мастері Ксения Балабаева халықаралық мастердің нормасын орындады.