12 жасар моңғол баласы бүкіл Қытайды жылатты - БЕЙНЕ
АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Телевизиялық «Жұлдызды сәт» бағдарламасының Қытайда өткен кезекті конкурсында ән салған 12 жасар моңғол баласының даусы мен тағдыры көрермендерді қатты толқытып,
бүкіл Қытайды жылатты. Қытайдың Ішкі Моңғолия өлкесіндегі Хулэнбуйр аймағынан келген Намайг Удмаа есімді жеткіншек анасы жақсы көрген ана туралы әнімен кейін интернеттегі көрермендерді де қатты баурап алды.
Намайгтың әкесі мен шешесінен айрылып қалғанына да біраз болған екен, деп хабарлайды mongolianislam.mn.