12 жасар жапон қызы 24 жастағы қарсыласын сұлатып салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - МоМо лақап атымен белгілі 12 жасар жапон қызы Deep Jewels аралас жекпе-жегінде өзінен тәжірибесі артық әрі жасы үлкен қарсыласынан басым түсіп, сенсациялық жеңіске қол жеткізді.
Championat.com сайтының хабарлауынша, МоМоға осы кезге дейін бес кездесуді (екі жеңіс, үш жеңіліс) басынан өткізген 24 жасар Момоко Ямасакимен айқасты. Алайда, әуесқой аралас күрес өнері ережесі бойынша өткен жекпе-жек басталғаннан кейін небәрі үш минуттың ішінде кішкентай қыз қылғындыру тәсілін ұтымды пайдаланып, төрешінің ойынды тоқтатуына тура келген.