12 желтоқсанда елімізде Ұлттық денсаулық күні өтеді

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР денсаулық сақтау министрлігі республика бойынша «Денсаулыққа 20 қадам» акциясын жалғастыруда, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

12 желтоқсанда елімізде Ұлттық денсаулық күні өтеді

Акция шеңберінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында, супермаркеттерде және өзге де халық көп жиналатын орындарда салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған үгіт-насихат шаралары өткізілуде.

12 желтоқсанда Ұлттық денсаулық күні бүкіл еліміз бойынша дұрыс тамақтану, салауатты өмір салты жөнінде 1 миллионға жуық үнпарақтар таратылатын болады.

Сонымен қатар, медициналық қызметкерлер және медициналық оқу орындарының студенттері арасында республикалық спартакиада жалғасып, шағын футбол, шахмат, суға жүзу, баскетбол, арқан тарту, жүгіру және өзге де спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілуде.

Бүгінгі таңда республикалық спартакиадаға 150 мыңнан астам медициналық қызмет өкілдері және студенттер қатысты.