12 желтоқсанда «Мен салауатты өмір салтын жақтаймын» атты жастар арасында республикалық қоғамдық акция басталады

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат. 2011 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулыққа 20 қадам» іс-шаралар жоспары шеңберінде бүкіл республика бойынша «Мен салауатты өмір салтын жақтаймын» атты жастар арасында республикалық қоғамдық акция басталады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
None
None

Акция барысында конференциялар, дебаттар, пікірталастар, Көңілділер мен Тапқырлар клубы және өзге де шаралар өткізіледі. Салауатты өмір салтының негізгі аспектілері, тәуекел әрекеттердің алдын алу, салауатты өмір салты мәдениетіне жақындау және әр адамның өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін қалыптастыру жайы талқыланады.

Акция міндеті - жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ақпараттандыру және салауатты өмір салты мәселелері жөнінде қажетті мәліметтер ұсыну, оқушыларды салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шараларға белсенді тарту, делінген баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Соңғы жаңалықтар