12 жылдан бері өтпеген Хоккейден әлем кубогы ұйымдастырылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккей бойынша әлем кубогы 2016 жылы Торонто қаласында өтеді. Бұл туралы ҰХЛ ресми сайтынан хабарланды.

12 жылдан бері өтпеген Хоккейден әлем кубогы ұйымдастырылмақ

Турнир 16 қыркүйектен 1 қазан аралығында өтеді.

Бас жүлде үшін 8 команда таласады деп аталып өтілген. Олар: Канада, АҚШ, Ресей, Финляндия, Швеция, Чехия, Еуропа құрамасы мен Солтүстік Американың жастар командасы.