19:14, 31 Мамыр 2013 | GMT +5
12 жылдық білім беруді енгізгеннен кейін қазақстандық түлектер еуропалық ЖОО-ға тікелей қабылдана алады
АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан аттестаттарды бүгінде еуропалық ЖОО-лар «жартылай мойындайды». Лиссабон конвенциясына сәйкес, Еуропа үшін он екі жылдық білім стандарт болып табылады.

Бүгінде жас қазақстандықтар Франция, Германия, Италия және басқа да Еуроодақ мемлекеттерінің университеттеріне міндетті қосымша емтихандарын тапсырып, түсе алады. Білім беру жүйесіне жаңғырту жүргізгеннен кейін Қазақстан мектептерінің түлектері өз жетістіктері мен қабілеттеріне қарай Еуропаның жоғары оқу орындарына тікелей қабылдана алады.
Орта білім беруді ұзарту - жалпы әлемдік тренд. Он екі жылдық орта білім әлемнің 216 мемлекетінде, оның ішінде Австралия, Германия, Канада, АҚШ, Финляндия, Франция, Жапония және т.б. бәскеге қабілетті елдерде жүзеге асырылуда.