120 000 жан сыятын алып мешіттегі ауызашарға бәрі асығады (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ірі мешіттердің бірі Индонезияның астанасы Джакарта қаласында орналасқан, деп хабарлады www.muslim.kz.

Бір мезгілде 120 000-нан астам мұсылман сап түзеп, құлшылығын өтей алатын Истикляль мешіті жыл сайын Рамазан айын ерекше дайындықпен қарсы алады. Өйткені, аймақтағы мұсылмандардың көбісі алып мешіттегі ауызашар дастарханынан дәстүрлі тағамдарынан дәм татқысы келеді.

Рамазан айының алғашқы күні бастап Истикляль мешіті күн сайын 3000 кісіге арналған тағам таратып келеді. Арнайы қорапқа салынған ауызашар сыбағасы ішінде құрма, күріш, жұмыртқа, тауық еті , шай мен су болады.

null 

Соңғы жаңалықтар