1200 қазақстандық әскери қызметші шартты заңсыз әскери құралымды жойды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 40398 және 10181 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, Ми-24 пен Ми-17 тікұшақтарындағы армиялық авиацияның ұшқыштары және ҚР ҰҚК ШҚ 3-ші шекара жасағы шартты заңсыз әскери құралымды жоюды жүзеге асырды.
None
None

Бірлескен оқу-жаттығу «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының «Изенді» полигонында өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Сценарий бойынша шартты заңсыз әскери құралым мемлекеттік шекараны бұзды және заңсыз ел аумағына баса- көктеп кірді. Қылмыстық топтың бір бөлігі шекарашыларды ұстап, қалғандары қорғанысты бұзып өтті және алға қарай ілгеріледі. Осы сәтте оқу-жаттығуға авиация қосылды. Ұшқыштар заңсыз топтасудың орналасқан орнын белгіледі және авиасоққыларды жүзеге асырды. Оқиға орнына келіп жеткен шабуылдық топ заңсыз әскери құралымды жою бойынша соңғы іс-қимылдарды жүргізді. Жалпы, әскери қызметшілер қойылған жауынгерлік тапсырманы сәтті орындады және өздерінің жауынгерлік әзірлігін растады. Бүгіннен бастап жауынгерлер жаяу жүріс тәртібінде өздерінің ұдайы орналасу орындарына қайтады. Оқу-жаттығу «Шығыс» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектановтың басшылық етуімен өтті. Әскери жиынға қатысу үшін байланыс батальонының әскери қызметшілері, материалдық-техникалық қамтамасыз ету полкі, 32355-К әскери бөлімінің штабтық ротасы тартылды.

Соңғы жаңалықтар