13-15 қазан аралығында Қазақстанда күн жылынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы 13-15 қазан аралығында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13-15 қазан аралығында Қазақстанда күн жылынады

Қазақстанның басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райын әкелген антициклон әсер етеді.

Ал еліміздің солтүстік және шығыс өңірлеріне Солтүстік циклон әсер етеді, оның ықпалымен кейде аздаған жауын-шашын жауады.

Жалпы, республика бойынша ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл соғады.