13 ақпан күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 13 ақпан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

13 ақпан күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігі онлайн-көрсетілім форматында апталық брифинг өткізеді. Брифинг тақырыбы: «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте озық тәжірибені енгізу». Спикер: Зұлқайыров Ренат Вазирұлы – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Варшава әуені» драмасы қойылады.

19.30-да Барыс Арена мұз сарайында «Барыс» және «СКА» хоккей командалары ойын өткізеді.