13 ақпан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 13 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР

72 жыл бұрын (1953) М.Оспанов атындағы БҚМУ КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, PhD (Жапония), нейролингвистикалық бағдарламалау шебері, жоғары білікті дәрігер, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, ДСҰ сарапшысы Төлебай Қосиябекұлы РАХЫПБЕКОВ дүниеге келді.

 Төлебай Қосиябекұлы РАХЫПБЕКОВ
Фото: newjournal.ssmu.kz

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қарасу ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Семей медицина институтын, 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетін, 2000 жылы О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, 2009 жылы – Қазақ Гуманитарлық инновациялық заң университетін бітірді. Мамандығы – дәрігер, заңгер-құқықтанушы, экономист-менеджер, педагогика және психология бакалавры.

1972-1990 жылдары цехтық дәрігер, бас дәрігердің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы, Лениногорск қаласында «Лениногорсксвинецстрой» тресі медсанчасінің бас дәрігері болды.1994-1997 жылдары Алматы қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Төтенше және медико-биологиялық мәселелер бас басқармасының бастығы, Жезқазған облысы денсаулық сақтау департаментінің бастығы, Қарағанды облысы денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары қызметінде болды. 1998-1999 жылдары ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 1999-2002 жылдары ҚР премьер-Министрінің кеңесшісі. 2002-2007 жылдары «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ әлеуметтік жұмыс бойынша басқармасының бастығы болды. 2007-2017 жылдары Семей мемлекеттік медицина академиясының ректоры, 2017-2020 жылдары «Медицинский университет Астана» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, 2020-2022 жылдары Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КеАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Стратегиялық даму комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың қараша айынан бері атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан темір жолына 100 жыл», «ҚР Парламентінің 10 жылдығына» мерекелік медальдары, Туризм және спорт министрлігінің «Туризм мен спортты дамытудағы ерен еңбегі үшін» Құрмет белгісі, ҚР ҰҒА Құрмет белгісі, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен мен марапатталған. Президенттің 2011 жылғы 5 желтоқсан Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 2016 жылы «Парасат» орденімен марапатталды. Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы.

2001 жылдан бастап медициан ғылымдарының докторы, 2008 жылы профессор ғылыми атағы берілді.

Жапонияның Шимане медицина университетінің профессоры (Professor of Clinical Medicine at the University of Shimane), Манна Университетінің профессоры (Үндістан).

56 жыл бұрын (1969) Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы Есмұхан Қайыржанұлы ҚАЖКЕНОВ дүниеге келді.

Есмұхан Қайыржанұлы ҚАЖКЕНОВ
Фото: azh.kz

Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет кентінде туған. 1993 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді.

Еңбек жолы: 1993-1995 жылдары Махамбет аудандық прокурорының стажер көмекшісі, 1995-1996 жылдары Махамбет аудандық прокуратурасының тергеушісі, 1996 жылы ҚР Мемлекеттік Тергеу комитетінің Атырау облысы Махамбет ауданы бойынша бөлімінде аға тергеуші, 1996-1997 жылдары ҚР Мемлекеттік Тергеу комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасы, Тергеу басқармасының экономика саласындағы лауазымдық қылмыстарды тергеу аға тергеуші, 1997 жылы ҚР Мемлекеттік Тергеу комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының жалпы қылмыстарды тергеу басқармасы кісі өлтіру қылмыстарын тергеу бөлімі бастығының орынбасары, 1997-1998 жылдары ҚР Мемлекеттік Тергеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы қарақшылық және кісі өлтіру қылмыстарын тергеу бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, 1998 жылы Атырау облыстық Ішкі істер басқармасы Атырау қалалық Ішкі істер бөлімінің Тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі, 1998 жылы Атырау облыстық Ішкі істер басқармасы Тергеу қызметінің аса қауіпті қылмыстарды тергеу бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, 1998-1999 жылдары Атырау облыстық Ішкі істер басқармасы Тергеу қызметінің мүліктік қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы, 1999-2001 жылдары Атырау облыстық Ішкі істер басқармасы Тергеу қызметінің жеке тұлғаларға қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды. 2001 жылы Атырау облыстық Ішкі істер басқармасы Тергеу басқармасының жеке тұлғаларға қарсы аса қауіпті қылмыстарды тергеу тобының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, 2001 жылы Атырау облыстық Ішкі істер басқармасы Тергеу қызметінің жеке тұлғаларға қарсы аса қауіпті қылмыстарды тергеу бөлімшесінің бастығы, 2001-2008 жылдары Атырау облыстық Ішкі істер департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, 2008-2016 жылдары Атырау облыстық Ішкі істер департаменті Тергеу басқармасының бастығы лауазымын атқарған. 2016 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен ҚР ішкі істер органдарында еңбек сіңірген жылдары үшін запасқа шығарылды. 2019 жылы Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысының міндетін уақытша атқарушы қызметінде болды.

Қазіргі лауазымын 2019 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.

41 жыл бұрын (1984) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысы Мадияр Дүйсенбайұлы ҚОЖАХМЕТ дүниеге келді.

Мадияр Дүйсенбайұлы ҚОЖАХМЕТ
Фото: primeminister.kz

Қарағанды қаласында туған. 2005 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық құқық факультетін халықаралық құқық бакалавры мамандығы бойынша, 2007 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық құқық магистрі мамандығы бойынша, 2008 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Чех мемлекеттік қоғамдық ғылымдар университетін экономика және менеджмент магистрі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ-да бастаған.

2003-2008 жылдары Чехия Республикасындағы Қазақстан жастар конгресінің бөлім, басқарма бастығы, орынбасары, атқарушы директоры, халықаралық өкілі қызметінде болды. 2008-2012 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты бағыты бойынша жұмыс істеді. 2012-2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі бөлімінің инспекторы, 2014-2017 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, 2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2019-2020 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған. 2020-2023 жылдары ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы қызметінде болды.

Қазіргі лауазымын 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап атқарып келеді.

«Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медалімен, «Құрмет» грамотасымен марапатталған.

93 жыл бұрын (1932-2011) Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық әртісі, қазақ балет әртісі Зәуірбек Молдағалиұлы РАЙБАЕВ дүниеге келді.

Зәуірбек Молдағалиұлы РАЙБАЕВ
Фото: facebook.com/zaurbek.raibayev

Алматы қаласында туған. Алматы хореография училищесін, Ленинград (Санкт-Петербург) хореография училищесінің жетілдіру сыныбын, Мәскеу Мемлекеттік театр және өнер институтының балетмейстерлік бөлімін бітірген.

Алматыдағы Абай атындағы Опера және балет театрының балетмейстері болған. Зәуірбек Райбаевтың репертуарында П. Чайковскийдің «Аққу көлі» мен «Ұйқыдағы ару», Ғазиза Жұбанованың «Ақ құс туралы аңыз», Қ. Қожамжаровтың «Чин-Томур» және тағы басқа шығармалары бар.

«Құрмет белгісі» ордені иегері (1958), 1957 жылы Мəскеуде өткен жастар мен студенттердің Дүниежүзілік фестивалінің лауреаты, 1958 жылы Бүкілодақтық эстрада əртістері конкурсының лауреаты, ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1958), ҚР халық әртісі (1982), «Құрмет» (2001) ордені, ҚазКСР Жоғары кеңесінің құрмет грамотасы, «Ерең еңбегі үшін» медалімен мараптталды. 1986 жылы ҚР-ның Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1969).

88 жыл бұрын (1937-2000) тележурналист, отандық тележурналистика саласының негізін қалаушылардың бірі әрі осы саланың көрнекті теоретигі, түрколог Марат Кәрібайұлы БАРМАНҚҰЛОВ дүниеге келді.

Марат Кәрібайұлы БАРМАНҚҰЛОВ
Фото: e-history.kz

Алматы облысының Талғар қаласында туған. 1950 жылы ҚазМУ-ді бітірген.

Бесінші курстан бастап Алматы телестудиясының репортері, содан кейін жастар спорт бөлімінің жауапты редакторы болып жұмыс істеді. 1961-1965 жылдары Мәскеу университеті журналистика факультетінің аспиранты.

ММУ-дің бригадасымен бірге студенттік құрылыста «Молодой целинник» газетінің негізін қалады. «Планета целины» кітабы авторларының бірі. Филология ғылымдарының кандидаты (1965), филология ғылымдарының докторы (1981), профессор (1982). 1965 жылы ҚазМУ-де ассистенттен журналистика факультеті деканының орынбасары, 1991 жылы «Казахстанская правда» газеті редакторының бірінші орынбасары. Сол жылдан бастап өмірінің соңына дейін ҚазҰУ-дың телевизиялық журналистика кафедрасының меңгерушісі, Әлем әдебиеті және журналистика университетінің бірінші проректоры. Көрнекті ғалым «Весь мир в вашей квартире», «Журналистика для всех», «Сравнительный анализ жанров», «Жанры печати, радиовещания и телевидения», «Искусство современной информации», «Телевидение: деньги или власть?», «Хан...Иван» т.б. оқу құралдары мен монографиялардың, жүздеген ғылыми мақаланың авторы. Қазақстан Журналистер одағының хатшысы, Еуразия Халықаралық экономика академиясының академигі. Марат Барманқұлов Қазақстандағы алғашқы тележурналистердің бірі, телевизиялық және радиожурналистика теориясының, сондай-ақ телевизия және радиожурналистика кафедрасының, ҚазҰУ-дағы телевизиялық және радиостудияның негізін қалаушы.

85 жыл бұрын (1940-2021) әншi (лирикaлық бaритон), композитор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ескендір Өтегенұлы ХАСАНҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Ескендір Өтегенұлы ХАСАНҒАЛИЕВ
Фото: yandex.com

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында туғaн. Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaлды-хор фaкультетiн Е. Виногрaдов пен Н.Шaриповaның клaсы бойыншa курсты, Әл-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бiтiрдi.

1970 жылдaн бaстaп Қaзaқ рaдиосы мен теледидaрының солисi. Ол Қaзaқстaнның белгiлi эстрaдaлық әншiлерi орындaйтын көпшiлiкке жaқсы тaнымaл әндердiң aвторы. «Құрмет» орденiмен мaрaпaттaлғaн (2000). Хaсaнғaлиевтiң «Әдемi», «Aсыл aрмaн», «Өмiрiмнiң жaзы», «Aтaмекен» әндерiн тек Қaзaқстaн тыңдaрмaндaры емес, шетелдерде де ықылaспен қaбылдaйды. Оның бiрнеше ән жинaғы жaрық көрдi. Xaсaнғaлиев әндерiнiң тaқырыбы сaн aлуaн. Ол қaзaқ, орыс, тaтaр, немiс aқындaрының туғaн ел, еңбек, жaстық шaқ, мaхaббaт тaқырыбындaғы өлеңдерiне көптеген ән жaзды. Хaсaнғaлиев гaстрольдiк сaпaрмен Моңғолия (1975), Болгaрия (1982), Югослaвия (1968), Aлжир (1969), Сирия мен Ливaн (1973), Швеция және Финляндия (1970), т.б. елдерде болды. Қaзaқстaн Комсомолы сыйлығының иегерi (1970). Қaзaқ КСР хaлық әртісi (1984).

Соңғы жаңалықтар