13 қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сенбі күні 13 қалада ауа сапасы нашарлайды. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
17 желтоқсанда Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Қостанай, Көкшетау, Петропавл және Өскемен (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Риддер (2 дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.