13 қаңтар. Туған күн иелері
ЕСІМДЕР
61 жыл бұрын (1958) Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2017 жылдан) Самат Исламұлы ОРДАБАЕВ дүниеге келді.
Талдықорған облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1980-1990 жылдары - В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Шығыс бөлімінде аспирант, кіші, аға ғылыми қызметкер. 1990-1992 жылдары - Қазақ ғылыми техникалық ақпарат ғылыми зерттеу институтының бөлім меңгерушісі. 1992-1994 жылдары - Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалым-хатшысы. 1994-1996 жылдары - ҚР Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінің басқарма бастығының орынбасары. 1996 жылы - ҚР-ның ТМД қатысушы елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік комитеттің бөлім бастығы. 1998-2000 жылдары - ҚР СІМ үшінші, екінші, бірінші хатшысы, бөлім бастығы, басқарма бастығы. 2000-2003 жылдары - Қазақстанның Беларусьтағы елшілігінің кеңесшісі. 2003-2004 жылдары - ҚР СІМ ТМД істері комитеті төрағасының орынбасары. 2004-2005 жылдары - ҚР СІМ ТМД департаментінің директоры. 2005-2006 жылдары - ҚР-ның Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесшісі. 2006-2007 жылдары - ТМД атқару комитеті төрағасының орынбасары - атқарушы хатшысы. 2007-2013 жылдары - ҚР-ның Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесші-елшісі. 2013 жылы ақпаннан - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары. Қазіргі қызметінде 2016 жылдың сәуір айынан. Медальдармен, ҚР Президентінің Алғысхатымен марапатталған.
48 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі Русланбек Кеңесбекұлы БЕКЖІГІТОВ дүниеге келген.
Бауыржан Момышұлы атындағы Әскери мектепті (1989), А.Ф.Можайский атындағы Әскери инженерлік-ғарыш академиясын (1994), «Әділет» Жоғары құқық мектебі - Заң академиясын (2002) бітірген.
Еңбек жолы: Әскери-әуе күштерінің әскери бөлімшелерінде және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған (1994-1999); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімдерінде қорғаныс және құқықтық тәртіп жөніндегі жауапты қызметкер (1999-2002); Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратында жұмыс істеді (2002 жылдан бастап).
Қазіргі лауазымын 2015 жылғы маусымнан бері атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен (2015), 13 мерейтойлық және ведомстволық наградалармен марапатталған.
46 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасының бас көлік прокуроры Мақсат Керімбайұлы ДҮЙСЕНОВ дүниеге келген.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, 2011 жылы Қазақ ұлттық университетін бітірді.
Еңбек жолы: Қапшағай гарнизоны бойынша ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің Бас әскери-тергеу басқармасы әскери-тергеу бөлімінің тергеушісі (1996-1997); тергеуші, аға тергеуші, аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші, Қапшағай гарнизоны бойынша ҚР ІІМ әскери-тергеу департаментінің әскери-тергеу бөлімі басшысының орынбасары (1997-2000); ҚР МКМ Салық полициясы комитетінің Бас тергеу басқармасы тергеу бөлімінің экономика саласында қызмет бабындағы қылмыстарды тергеу бойынша бөлімнің аға тергеушісі (2000-2001); ҚР Қаржы полициясы агенттігінің Тергеу және анықтау департаментінің қаржылық қылмыстарды тергеу бөлімнің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі (2001-2002); Қаржы полициясының Алматы қаласы бойынша департаменті Тергеу басқармасының қаржылық қылмыстарды тергеу бойынша 2 бөлімінің бастығы, Тергеу басқармасы бастығының орынбасары (2002-2004); ҚР ЭСЖКА (қаржы полициясы) Тергеу департаментінің Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеу бойынша бөлімінің бастығы - басқарма бастығының орынбасары (2004-2006); Атырау облысы бойынша ЭҚСЖҚКД бастығының орынбасары (2006-2008); Алматы қаласы бойынша ЭҚСЖҚКД бастығының орынбасары (2008-2009); Алматы қаласы бойынша ЭҚСЖҚКД бастығы (2009-2012); «Самұрық-Қазына» УӘҚ» АҚ орталықтандырылған қауіпсіздік қызметінің басшысы (2013); Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының сектор меңгерушісі, инспектор (2013-2014); ҚР МҚІСЖҚА Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы (2014-2015); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі (2015-2016); Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы (2016); Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары (2016-2018); Бас көлік прокурорының бірінші орынбасары (2018).
Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылдың тамызында кірісті.
«Құрмет», ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медальдарымен, сонымен қатар қаржы полициясы органдарының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің марапаттарымен марапатталған.
43 жыл бұрын (1976) танымал әнші және актриса Карина АБДУЛЛИНА дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының фортепиано факультетін бітірген (1998), пианист, концертмейстер, педагог-музыкант, камералық ансамбльдің солисі. «Мюзикола» дуэті әндерінің көбісінің музыкасы мен сөздерінің; «Арман қыз» өлең кітабының авторы. Сатыбалды Нарымбетовтің «Мұстафа Шоқай» көркем драмасына түскен (Мария). Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. 1992 жылдың мамыр айынан бері - «Мюзикола» танымал дуэтінің солисі.
«Big Apple Music 96» (Нью-Йорк) халықаралық танымал музыка конкурсы бірінші сыйлығының лауреаты. ҚР Президенті қорының мәдениет саласындағы 3 номинациясы сыйлығының лауреаты: «Эстрада-цирк өнері»; «Әдебиет» («Арман қыз» өлеңдер жинағы үшін); «Кинематограф» («Мұстафа Шоқай» кинофильміндегі Мария рөлі үшін, 2009).