13 қараша. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 13 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

13 қараша. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform/Midjourney

Берік ҚАМАЛИЕВ, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы

Берік ҚАМАЛИЕВ
Фото: primeminister.kz

1960 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1982 жылы Қарағанды политехникалық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2005 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1983-1984 жылдары әскери бөлімнің құрылыс-монтаж учаскесінде жұмыс жүргізуші қызметін атқарды. 1984-1991 жылдары аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, облыстық студенттік құрылыс жасақтары штабының командирі болды. 1991-2001 жылдары бірқатар коммерциялық құрылымдарды басқарды. 1993-1995 жылдары «Қазагропромтехника» облыстық бірлестігі төрағасының орынбасары, 2001-2004 жылдары Қарағанды облыстық автомобиль жолдары басқармасының бастығы, 2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды. 2005-2006 жылдары Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы болды. 2006 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2009-2010 жылдары «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы, 2010-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі болды. 2014-2015 жылдары «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2015-2016 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарды. 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды. Қазақстан Республикасындағы Дүниежүзілік жол қауымдастығы (PIARC) Ұлттық комитетінің төрағасы.

Нұргүл МАУБЕРЛИНОВА, Қазақстанның мемлекеттік қайраткері

Нұргүл МАУБЕРЛИНОВА
Фото: senate.parlam.kz

1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2000 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2006 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолы: 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің бас сарапшысы, 2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының бас консультанты, 2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі РММ директорының орынбасары болды. 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы, 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі, 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды. 2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 2022-2024 жылдары Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды. 2024-2026 жылдары ҚР Парламенті Сенаты төрағасының хатшылығын басқарды.

Тимур ТУРЛОВ, қазақстандық кәсіпкер, қаржыгер және филантроп, Freedom Holding компаниясының негізін қалаушы, Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті

Тимур ТУРЛОВ
Фото: Kazinform

1987 жылы Мәскеу қаласында дүниеге келген. 2009 жылы К.Э.Циолковский атындағы Ресей мемлекеттік технологиялық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2003 жылы америкалық World Capital Investments инвестициялық компаниясының Мәскеудегі филиалында трейдер қызметін атқарды. 2005 жылы «Ютрейд.ру» компаниясында жұмыс істеді. 2008-2021 жылдары «Фридом Финанс» инвестициялық компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры болды. 2012 жылы Қазақстанда «Фридом Финанс» АҚ еншілес брокерлік компаниясын ашты. 2015 жылы құрамына «Фридом Финанс» инвестициялық компаниясы, «Фридом Финанс» АҚ, Freedom24 және «Фридом Финанс» банкі кіретін Freedom Holding Corp. холдингінің негізгі акционері атанды. 2019 жылы Freedom Holding Corp. NASDAQ биржасында листингтен өткен ТМД кеңістігіндегі алғашқы қаржы ұйымы болды. 2022 жылы Freedom Holding Corp. Ресейдегі бизнесінен толықтай шықты. 2023 жылы Қазақстан шахмат федерациясының президенті болып сайланды. 2024 жылы БҰҰ Жаһандық шартының Орталық Азиядағы Консультативтік комитетінің төрағасы болды.