13 қараша. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 13 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады. 

13 қараша. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

66 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасы Теннис федерациясының президенті Болат Жәмитұлы ӨТЕМҰРАТОВ дүниеге келді.

Атырау қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген, экономист.
Еңбек жолы: 1981-1982 жылдары – Алматы халық шаруашылығы институтының оқытушысы, 1982-1983 жылдары – Алматы қалалық сауда басқармасының аға инспекторы. 1985-1986 жылдары Алматы қаласындағы «Юбилейный» гастрономы директорының орынбасары, директоры. 1985-1986 жылдары Алматы қаласы Әуезов аудандық тамақ саудасы басқармасының директоры. 1986-1990 жылдары – Алматы қаласы Әуезов аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1990-1992 жылдары – Экономикалық байланыстар мемлекеттік комитетінің, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің бөлім, басқарма бастығы. 1992-1993 жылдары Австриядағы Қазақ сауда үйінің бас директоры. 1993-1994 жылдары – ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрінің орынбасары. 1994-1995 жылдары – ҚР Өнеркәсіп және сауда министрінің бірінші орынбасары. 1995-1996 жылдары – ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 1996-1999 жылдары – ҚР Швейцариядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Женева қаласындағы БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі. 1999-2003 жылдары – ҚР Президентінің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі. 2003-2006 жылдары – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы. 2006-2008 жылдары – ҚР Президентінің Іс басқарушысы. 2008 жылдың 2013 жылдың наурызына дейін ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, 2010 жылдың мамырынан 2013 жылдың наурызына дейін - ҚР Президентінің Қырғыз Республикасымен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі. 2014 жылдың ақпанынан - «Асыл мирас» жеке қайырымдылық қорының негізін қалаушы және қордың Қамқорлық кеңесінің мүшесі. Халықаралық теннис федерациясының вице-президенті – 2019 жылдың қазан айынан. Қазіргі қызметіне 2007 жылдан бастап кіріскен.
«Құрмет», 2-дәрежелі «Достық», «ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» медальдарымен марапатталған.  

50 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі Нұргүл Өсербайқызы МӘУБЕРЛИНОВА дүниеге келді. 

Қарағанды облысында туған. Саран педагогикалық училищесін (1992 ж), Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2000 ж) және Қарағанды экономикалық университетін (2006 ж) бітірген.

Еңбек жолын Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінде бастады. Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2012 жылғы қарашадан бастап 2016 жылға дейін ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары болды. 2016-2018 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы қызметін атқарған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі (2019-2020) болды. 2020-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.

36 жыл бұрын (1987) Freedom Holding Corp Бас атқарушы директоры, Қазақстан Шахмат федерациясының президенті Тимур Русланұлы ТУРЛОВ дүниеге келді. 

Мәскеуде дүниеге келген. 2009 жылы К.Э.Циолковский атындағы Ресей мемлекеттік технологиялық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірді. Брокерлік, дилерлік қызмет және бағалы қағаздарды басқару қызметі бойынша қаржы нарығының маманы (04.09.2009),

Еңбек жолы: 2003 жылы World Capital Investments (WCI) америкалық инвестициялық компаниясы Мәскеудегі филиалының трейдері, 2005 жылы “Юниаструм Банк” американдық қор нарығында операциялармен айналысатын бөлімшесінің маманы, 2008 жылы Фридом Финанс” инвестициялық компаниясы” ЖШС құрылтайшысы, 2011-2021 жылдары “Фридом Финанс” инвестициялық компаниясы” ЖШС Бас директоры, 2015 жылдан - Freedom Holding Corp негізгі акционері және Бас атқарушы директоры.

«Фридом Финанс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Kcell» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, YPO Kazakhstan қатысушысы, Aqniet Group байқаушы кеңесінің мүшесі, Freedom Finance Insurance және Freedom Finance Life директорлар кеңесінің төрағасы.

2019 жылдан - Қаржы нарығының қатысушыларының Ұлттық қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі. 2023 жылдан - Қазақстан шахмат федерациясының президенті. 2021 жылы Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша жыл бизнесмені.

40 жыл бұрын (1983) «Qazaq Oil» ЖҚС желісінің, «PetroRetail» ЖШС атқарушы директоры Нариман Бақтыбайұлы ӘБІЛШАЙЫҚОВ дүниеге келді.

2005 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы ПМУ-де маман ретінде бастаған. 2010-2012 жылдары “Полиграфия Плюс” ЖШС Баспа орталығының директоры, 2012-2013 жылдары Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі, 2013-2014 жылдары Павлодар облысы әкімдігі Туризм басқармасының жетекшісі, 2015-2016 жылдары Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жобаларды қолдау бөлімінің басшысы, 2016-2017 жылдары ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары, директоры, 2017 жылы - Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры, 2019-2020 жылдары Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры, 2020-2022 жылдары “Атамекен” ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, 2022 жылы “Атамекен” ҰКП Басқарма төрағасының м.а., 2022 жылдан бастап - “Qazaq Oil” ЖШС атқарушы директоры.

35 жыл бұрын (1988) ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Универсиаданың күміс жүлдегері, әуесқойлар арасында Қазақстанның үш дүркін чемпионы Жан Сергеевич КОСОБУЦКИЙ дүниеге келді.

Кәсіпқой боксшылар арасында WBC International (2022-2023), WBC International Silver (2021-2022) и IBO Inter-Continental (2019-2021) нұсқалары бойынша ауыр салмақта бұрынғы чемпион. BoxRec рейтингі бойынша үздік орны - 24-ші (2022 жылы), ол қазақстандық ауыр салмақтағы боксшылар арасында 1-ші, ал негізгі халықаралық бокс ұйымдарының арасында WBC рейтингіде 8-ші және и WBA рейтингінде 8-ші орын алып, әлемнің үздік ауыр салмақтағы боксшыларының ТОП-25 кіріп отыр.