13 қарашада өтетін Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 13 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.
АСТАНА
9.30-да «Қазжол» қонақ үйінде Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттарды дұрыс қолдану апталығы аясында микробқа қарсы препараттарға төзімділікпен күрес жөніндегі Ұлттық жоспарды талқылау бойынша дөңгелек үстел өтеді.
11.00-де Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді.
10.00-де Radisson қонақ үйінде IWF халықаралық допингпен күрес конференциясы өтеді.
13.00-де «Назарбаев Орталығында» «Үлкен Еуразия - 2027: текетірес немесе серіктестік» тақырыбында «Астаналық клубтың» үшінші отырысы өтеді. Пікірталас алаңына әлемнің 28 елінен 60-тан астам қатысушы келеді. Олардың арасында жоғары лауазымды саясаткерлер, бұрынғы мемлекет басшылары, дипломаттар және жетекші сарапшылар бар.
14:30-да Орталық коммуникациялар қызметінде Республикалық қоғамдық кеңестер мәжілісінің жұмыс нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
АЛМАТЫ
11:00-де Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақтар театрында мүгедектер күніне арналған «Достық» фестивалі өтеді.
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Петропавлда облыстық әкімдіктің отырысы өтеді, онда «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша салынған сумен жабдықтау нысандарының жай-күйі қарастырылады.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
11.00-де Өскеменде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға ардагерлер кеңесінің қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
Тараз қаласындағы «Арай Плаза» қонақүйінде халықаралық туристік форумның және «Ancient Taraz-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.