13 қазақстандық коронавирусты еліміздің ішінде жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 қазақстандық коронавирусты еліміздің ішінде жұқтырған. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13 қазақстандық коронавирусты еліміздің ішінде жұқтырған

«13 адам COVID-19 вирусын Қазақстанда жүріп жұқтырып алған. 29 адам вирусты шетелден әкелген және 26 адам ұшақта вирус жұқтырғанмен байланыста болған», - деді Дәурен Абаев.

Оның атап өтуінше, коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігінде, нақты айтқанда шамамен 80 пайызында ауру белгісі жоқ немесе аздаған тұмау бар.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны - 68 адам. Нұр-Сұлтанда – 35, Алматыда – 29, Қарағандыда – 2, Алматы облысында - 1 және Ақтөбе облысында - 1 жағдай тіркелген.