13 қазан күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 13 қазан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
9.00-де ҚР ПІБ Медициналық орталық ауруханасында «Жүрек аритмиясын емдеу және кардиологтарға арналған жүрек электрофизиологиясы» атты халықаралық конференция өтеді.
9.30-да ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік қызмет: қағидаттар мен құндылықтар» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
10.00-де «EXPO» халықаралық көрме орталығында «Digital Bridge 2023 форумының аралық қорытындысы» форумы өтеді. Спикер: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцинацияның басталуы» туралы онлайн брифинг өтеді. Спикерлер: Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева, Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева, Астана медицина университеті балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті Баян Тұрдалина. Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.
15.00-де ҚР Ұлттық архив ғимаратында министр Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің брифингі өтеді.
17.30-да «Астана Опера» театрында әйгілі маэстро Алан Бөрібаев пен пианист Әлім Бейсембаевтың қатысуымен «Симфониялық музыка концерті» қарсаңындағы баспасөз шарасы өтеді.
19.00-де Жастар театрында Талаптан Ахметжанның «Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым» атты мюзиклі қойылады.
19.00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Болмаған балалық шақ» драмасы қойылады.