13 қазанда Ақтөбе мен Нұр-Сұлтанда ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

13 қазанда Ақтөбе мен Нұр-Сұлтанда ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 13 қазанда Ақтөбе және Нұр-Сұлтан қалаларында ғана қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қалған аймақтарда метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.